|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Бет, 47 есеп. 5 страницаДәрістің мазмұны: Оқушылардың қабілеті мен икемділігі ескерілмей бірыңғай бағдарламалармен оқытылған кездің өзінде кейбіреулердің жеке ғылымдар саласына деген құштарлығы, көбірек білгісі келетіні байқалыпжүрді. Осындай оқушылар үшін 1966 жылдан бастап факультативтік сабақтар ұйымдастырылды. Бұлардың кәдімгі сабақтардан айырмасы тереңдетіп оқитын факультативтік пәндерді оқушылардың өздері таңдайды. Химиядан екі түрлі факультативтік курстар өткізу ұсынылды. Біріншісі- орта мектепте өтілетін химияның салаларынан білімді тереңдету факультативтері, олар: «Жалпы химияның негіздері», «Органикалық заттардың құрылысы мен қасиеттері». Екіншісі – химияның халық шаруашылығнда қолданылуымен байланысты арнайы факультативтер: «Өнеркәсіптік химия», «Ауыл шаруашылығындағы химия», «Химиялық анализдің негіздері». Факультативтердің әрқайсысына бөлінетін уақытты бағдарламасын, оқу құралдарын халыққа білім беру министрліктері бекітеді. Факультативтік курстарды мұғалімдер, жоғарғы мектептің мұғалімдері, ғылыми қызметкерлер, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының мамандары жүргізеді. Факультативтік сабақтар дәріс, әңгімелесу, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. арқылы өткізіледі. Мұнда іздеу, зерттеу әдістерін жиі қолдануға зор мүмкіндіктер туады. Оқушылар өздігінен жұмыс ретінде рефераттар баяндамалар мен кестелер әзірлейді, құралдар құрастырады, оқулықтармен, оқу құралдарымен, анықтамалармен және ғылыми- көпшілік әдебиеттермен танысады және қысқаша жазбалар жазады. Факультативтік курстар оқу материалындағы өлкелік деректердің үлесін артыруда, кәсіптік бағдар беру арқылы жергілікті қажеттіліктерді неғұрлым толық өтуге жағдайлар жасайды. Өзін- өзі тексеретін сұрақтар: 1. Факультатив сабақтарының мақсаты қандай? 2. Факультатив сабақтарының негізгі сабақтарға ұқсастығы мен айырмашылығы? 3. Факультатив сабақтары қандай үш топқа жіктеледі? 4. Факультатив сабақтарының негізгі тақырыптары. 5. Факультатив сабақтарының формалары мен өткізу әдісі қандай? Әдебиет: 1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ІХ - тарау, 124-127 беттер. 2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004,, ІІ бөлім, ХІІ - тарау, 144 - 154 беттер. 3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ІХ - тарау, 152-156 беттер. 4. Факультатив сабақтар. // Химия мектепте, 2005, №2, 13-19 беттер № 17 дәріс Тақырыбы: Химияның алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру. Дәріс мақсаты: Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру әдістемесімен таныстыру. Зат туралы түсінік қалыптастыру. Тірек сөздер: зат, таза зат, қоспа, химиялық реакция, физикалық және химиялық құбылыстар. Дәрістің мазмұны: Химиялық ұғымдарды қалыптастыру тақырыпта берілетін түрлі химиялық түсініктермен қатар, оқушылар ғылыми деректерді, заңдарды меңгереді. Мысалы, зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары сияқты заңдылықты меңгерумен қатар, оқушының логикалық ой-өрісі дамып, жаңа идеяны қабылдауы, пәнге қызығушылығы артып, белгілі бағытта ғылыми дүние – танымы, соған қатысты материалистік көзқарасы қалыптасады. Тақырыпты оқып-үйренудің негізгі міндеті төмендегідей: заттар жайлы химиялық түсініктер мен деректердің қалыптасуы; зат қасиеттерінің құрамы мен құрылысына тәуелділігі; қолданылуы; заттардың бір-біріне айналуы нәтижесінде олардың көп түрлілігі; оларды жіктей білу; табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстылығын түсіндіру арқылы химиядан алған білімді қорытындылай білу және атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары арқылы табиғаттағы заттарды танып-білу сияқты процестермен таныстыру. Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылардың алған білімді игеруі мен лабораториялық тәжірибені орындаудағы икемділік дағдысы едәуір қалыптасып қалатыны анық. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына қарай «Бастапқы химиялық түсініктер» тақырыбын төмендегідей бөліп қарауға болады. Заттар және олардың қасиеттері. Бұл тақырыптың негізі – молекула-кинетикалық теория. Физика пәнінің кейбір тақырыптары қайта қарастырылады. Атом. Химиялық элементтер. Химиялық реакциялар. Химияның бастапқы тақырыптары атом-молекулалық ілім негізінде басталады. Жай және күрделі заттар. Құрам тұрақтылық заңы. Химиялық формулалар. Бұл бөлімдегі тақырыптың мәні – оқушыларға заттың химиялық формуласындағы атомдардың арақатынастарын ескере отырып, олардың массалық мөлшерін есептеуді үйретеді. Зат массасының сақталу заңы. Химиялық теңдеулер. Бұл тақырыптың мақсаты – химиялық реакция теңдеуін жазудың басты себебін түсіндіреді. Химиялық реакция типтері. Бұдан бұрын оқылған материалды қайталай отырып, химиялық тәжірибені орындай білудің алғашқы дағдысын қалыптастыру. Өзін- өзі тексеретін сұрақтар: 1. Химияның алғашқы ұғымдарын екі жүйе бойынша жіктеп, сызбанұсқа сызыңдар: а) зат ұғымдарының жүйесі ә) химиялық реакция ұғымдарының жүйесі. 2. Химияның пәнімен таныстырғанда пәнаралық байланыс қалай жүзеге асады? 3. Таза зат және қоспа ұғымдары қалай қалыптасырылады? 4. Заттардың қасиеттерімен танысуға арналған зертханалық жұмыстың жазбаша нұсқайын әзірлеңдер. 5. Заттың өзерістері туралы ұғымдар жүйесін сатылары бойынша сипаттап, химиялық реакция ұғымына анықтама беріңдер. 6. Атом, химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары арасындағы өзара байланысты көрсетіңдер, оларды анықтаудағы методикалық тәсілдерді Әдебиет: 1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХІ - тарау, 138 -150 беттер. 2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХІ - тарау,167-178 беттер. № 18 дәріс Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы қалыптастыру. Дәріс мақсаты: Тақырыптық бағдарламадағы орны мен көлемін көрсете отырып, оларды оқыту әдістемесіне тоқталу. Тірек сөздер: оксид, негіз, қышқыл, тұз, генетикалық байланыс. Дәрістің мазмұны: Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы ұғымдар алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы және жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіре әсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен және басқа заттармен жұмыс істеуге үйренеді. Эксперимент жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады. Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі және типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады. Атом- молекулалық ілімнің негізгі қағидалары жөніндегі білімді заттардың қасиеттерін болжау, түзілетін заттардың құрамын бағдарлау, химиялық реакциялардың бағытын және қалай жүретінін түсіну үшін пайдаланады. Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен периодтық жүйені саналы игеруге әзірленеді. Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардың құрамы мен қасиеттері тұрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар номенклатурасының негіздерін үйренеді. Валенттілік, химиялық формулалар және теңдеулер құрастыру жөніндегі білімі мен біліктері нығаяды. Оқу- тәрбиелік маңызы зор болғандықтан, химияның бағдарламалары мен оқулықтарында бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына едәуір мол орын беріліп келеді. 1935-1950 жылдарда бөлек тақырып ретінде оқытылып, 7-класта басталып 8-класта аяқталды. Оқу материалы концентризм принципі бойынша орналастырылды. VII класта өтілетін деректі материалдың көлемі үлкен болғандықтан оқушыларға ауыр тиді. Оның үстіне бейорганикалық қосылыстар жөнінде аяқталған білім беруге тырысу байқалды. Бұл кезеңде материалды орналастырудың генетикалық негізі үстем болды. Алдымен оксидтер қарастырылып, олардың гидраттануы арқылы негіздерге және қышқылдарға ауысу жүзеге асырылды. Мұның кемшілігі оқушылар іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін жазды, білімнің үстірт болуына әкеліп соқты. Бейорганикалық қосылыстардың мазмұны, оқылу реті, методикалық тәсілдері бірнеше рет өзгергенімен алғашқы ұғымдарды қалыптастыруды теориялық деңгейі атом- молекулалық ілімнің сатысында қадып отырды. Алмасу реакцияларының ақырына дейін жүру жағдайларын, иондық механизмін қарастыру мүмкін болмады. Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы алғашқы ұғымдар қалыптасуының үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бұл заттардың құрамы және кейбір химиялық қасиеттері атом молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтық заң және периодтық жүйе, заттың құрылысы өтілгеннен кейін басталады. Әр класқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары және қасиеттері электрондық теорияның тұрғысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде (ІХ класс) бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдар электрон- иондық көзқарастармен байытылып дамиды. Оқушылардың біліімі жаңа сатыға көтеріледі. Үш кезеңге сәйкес оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы берілетін білімнің көлемі мен орнын келтіреміз. Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегінің қасиеттерін өткенде беріледі. Металдарға және бейметалдарға жаттатын жай заттардың оттегімен тотығуының нәтижесінде күрделі заттар- оксидтер түзіледі. Тәжірибелерді бақылау нәтижесінде оқушылар түзілген күрделі заттар екі элементтен тұратыны, оның оның біреуі оттегі екені жөнінде қорытындыға келеді. Осы белгі оксидтерді анықтауға негіз болады. Оксидтер туралы жалпы ұғым металл оксидтері және бейметалл оксидтері деп екіге жіктеледі. Олардың физикалық қасиеттерін зерттейтін зертханалық жұмыс өткізіледі. Бақылау нәтижелері кесте түрінде жазылады. Оқушылар тұздармен алғашқы рет металдарды қышқылмен әрекеттестіріп сутек алғанда танысады. Мұнда да ұғымды анықтаудың негізгі белгісі- құрамы. Тұздар металл атомдары мен қышқыл қалдықтарынан тұрады. Оқушылар еритін және ерімейтін, орта және қышқыл тұздармен танысады. Қышқылдардың металл оксидтерімен, бейметалдар оксидтерінің сілтілермен әрекеттесуін және бейтараптану реакциясын өткенде тұздар алудың жолдары туралы оқушылардың білімі нығаяды. Бұл алғашқы кезеңде тұздардың химиялық қасиеттері қарастырылмайды. Әңгімелесуден кейін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары ұйымдастырылады. Заттарды кластарға бөлу, заттың қай класқа жататынын дәлелдеу (эксперимент есебі), құрамы бойынша затты атау, аты бойынша формуласын жазу тапсырмалары орындалады, мысалы: Келесі сабақта оксидтердің жіктелуі мен химиялық қасиеттері қорытылады. Оксидтердің анықтамасы, жіктелу негіздері, әр типке жататын оксидтердің белгілері туралы әңгімелесу ұйымдастырылған соң өздігінен жұмыс орындалады. Оқушылар өткенде кестеге жазылған оксидтерді немесе мұғалім формулаларын берген оксидтерді жіктеп кесте түрінде жазады, оксид түзуші элементтердің валенттілігін көрсетеді. Бір элементтің төмендігі валенттлігінде негіздік оксидтің, ал жоғарғы валенттілігінде қышқылдық оксидтің қасиеттерін білдіретініне назар аударады, мысалы: MnO - негіздік оксид, Mn2O7 - қышқылдық оксид. Бір жағынан бұл теориялық материалды өтуге дайындаса, екіншіден өзі сол қөзқарастар тұрғысынан қайта қаралып, дамуының екінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде оқушылардың білімі электрондық тұрғыдан кеңейеді. Заттың құрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділік тереңірек түсіндіріледі. Негіздік оксидтер иондық байланысы бар заттар, оксид түзуші элементтің ион заряды да екіден аспайды. Иондық торы болатын бұл оксидтер, сумен, қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әректтескенде металдың оттегімен химиялық байланысы үзіледі. Қышқылдық оксидтер полюсті ковалентті байланысы бар заттар, оксид түзуші элементтердің тотығу дәрежелері жоғары +4 – тен +7 –ге дейін жетеді. Бұларда элементтердің оттегімен байланысы берік келеді. Екінші кезеңде қышқылдардағы сутегімен қышқыл қалдығы, бейметалмен оттегі арасындағы байланыстардың сипаты ашылады. Негіздердің құрылысы мен қасиетінің кристалл торлары типіне тәуелділігі айқындалады. Тұздар түзетін кристалл тордың типі және иондар арасындағы байланыс электрондық теория тұрғысынан түсіндіріледі. Өзін- өзі тексеретін сұрақтар: 1. Бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдардың оқу- тәрбиелік маңызы қандай? 2. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдар қалыптасуының неше кезеңі бар? 3. Бірінші кезеңде оқу материалы қалай орналастырылады? Бұл саладағы методикалық пікірдің дамуын сипаттаңдар. 4. Оксидтер туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы ретімен баяндаңдар. 5. Қышқылдар туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы қалай жүзеге асады? 6. Негіздер туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы ретімен баяндаңдар. 7. Тұздар туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы қалай жүзеге асады? 8. Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы білімді қорытындылаудың методикалық мәселелерін сипаттаңдар. 9. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты қалай ашу керек, бұл материалдың ғылыми қөзқарас қалыптасуындағы маңызын көрсетіңдер. Әдебиет: 1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХІІ - тарау, 150-164 беттер. 2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХІІ - тарау, 179-193 беттер № 19 -20 дәріс Тақырыбы: Д.И. Менделеевтің периодтық заңының, периодтық жүйесін және атом құрылысын оқып-үйрену әдістемесі. Дәріс мақсаты: Д.И. Менделеевтің периодтық заңының, периодтық жүйесін және атом құрылысын ұғымын оқыту әдістемесімен таныстыру. Тірек сөздер: Периодтық заң, периодтық жүйе, топ және период,атом құрылысы Дәрістің мазмұны: Д.И. Менделеев ашқан периодтық заң – табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі. Ол химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге, түсіндіруге және батыл болжамдар жасауға мүмкіндік берді. Атомның құрылысын анықтауға, жаңа элементерді ашуға және синтездеуге жол-жоба көрсетті. Периодтық заңның негізінде атомдық физика, геохимия және басқа да жаратылыстану ғылымы жедел дамыды. Периодтық заң және периодтық жүйе – орта мектептегі химия курсының теориялық негізі. Бұлардың негізінде құрылған химияның мазмұны ғылыми жағынан шынайы, жүйелі және түсінікті болып келеді. Сондықтан белгілі методист Д.М. Кирюшкин химияны оқытудағы периодтық заңның маңызын биологиядан сабақ берудегі эволюциялық ілімнің маңызымен қатар қойды. Периодтық заң және атом құрылысы өтілген соң химия курсының теориялық деңгейі артады. Оқушылардың түсінуінше химия суреттеме ғылымнан теориялық ғылымға айналады. Химияны оқып- үйренуде дедукцияның маңызы күшейеді. Ғылыми болжамның құдіретіне оқушылардың сенімі артады. Ашылмаған химиялық элементтер және олардың қосылыстарының қасиеттері туралы Д.И. Менделеевтің батыл болжамдарының тәжірибеде расталуы оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады. Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалы элементер және олардың қосылыстарының қасиеттері периодты түрде өзгеретіні және оның себептері жөнінде ұғым қалыптастырады. Химиялық әрекеттердің жүру заңдылықтарын терең түсінуге жәрдемдеседі, бейорганикалық және органикалық химияның негіздерін саналы меңгеруге жәрдемдеседі. Оқушыларда дүниені танып –білуге болатыны жөнінде нақтылы пікір қалыптасады. Галлийдің, скандийдің және германийдің болжаған қасиеттерімен тәжірибеде сыналған қасиеттерінің дәлме-дәл шығуы оқушыларды еріксіз таңдандырады, Д. И. Менделеевтің ғылыми ерлік жасағанына шүбәсіз сенеді. Периодтық заң, атом құрылысы оқу материалын игеру барысында оқушылар өте көп салыстырулар жасап, қисынды ойлау барысын ұштай түседі. Периодтық заң және периодтық жүйе тақырыбының орта мектеп курсындағы орны үздіксіз өзгеріске ұшырады. Ең алғашқы үлгілі бағдарламаларда химия курсының соңына орналастырылды. Одан кейінгі кешендік бағдарламада шығып қалды. Химиялық тұрақты бағдарламаларындағы орны жөнінде екі пікір үстем болды. Бірінші тәсіл химия ғылымының даму қисынына негізделеді. Ғылымда алдымен периодтық заң ашылып, периодтық жүйе жасалды, соңынан периодтық жүйедегі заңдылықтарды түсіндіретін атом құрылысы туралы мәліметтер анықталды. Д. И. Менделеев периодтық заңды тәжірибелік білімге сүйеніп қорытты, ішкі мәнісін түсіндіре алмады. Бірақ оның болашақта дамитынына, жаңа көзқараспен толасатынына кәміл сенді. Сондықтан Д. И. Менделеевтің данышпандығын, жалпы заңды ашудағы ғылыми ерлігін көрсету үшін алдымен периодтық заң және периодтық жүйе толық өтілді. Содан соң атом құрылысы қарастырылып, периодтық заң және периодтық жүйе электрондық теория тұрғысынан қайтадан оқытылды. Екінші тәсіл- біріншіге керісіншіге жүзеге асырылды. Алдымен атом құрылысы туралы оқу сатериалы өтіледі. Соның тұрғысынан периодтық заңдылықтар қорытылып шығарылады. Үшінші тәсіл бойынша периодтық заң мен атом құрылысы бір мезгілде өтіледі. Жаңа бағдарлама бойынша оқыту осы тәсілге негізделген. Периодтық заң және атом құрылысы туралы негізгі мәліметтер 8- класта қарастырылады да 11- кластағы жалпы химия курсында кеңейтіледі. Оқушылар периодтық заңға дейін химияның алғашқы ұғымдарымен танысады. Екі химиялық элементті (оттегін және сутегін), олар түзетін жай және күрделі заттарды оқып үйренеді. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары- оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар жөнінде едәуір толық ұғым алады. Осының бәрі периодтық заңды саналы қабылдауға негіз болды. Сонымен периодтық заң периодтық жүйе туралы материалды ойдағыдай игеру шарттарына мыналар жатады. 1.Атом, элемент, салыстырмалы атомдық масса, жай және күрделі зат, заттардың физикалық және химиялық қасиеттері, амфотерлілік ұғымдарын жетік білу. 2. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді тиімді пайдалану. 3. Тарихи негізді орынды жүзеге асыру. 4. Оқытудың диалектикалық сипатын қамтамасыз ету, қайшылықтарға, оларды шешу жолдарына көңіл аудару. 5. Түйінді мәселелерді оқытуды жүзеге асыру. Периодтық заңның қалай ашылғанына, оны пайдалана білу жақтарына назар аудару. 6. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын жиі және тиімді ұйымдастыру: қосымша әдебиеттерді оқуға ұсыну; элементтердің карточкаларын әзірлеу және олармен жұмыс; кестелер және сызбанұсқалар сызу; тәжірибелер жасау, т.б. 7. Зерттеу әдістерін жиі қолдану; периодтық заңдылықты қорытып шығару; оқылмаған элементтер мен қосылыстардың қасиеттерін болжау. Алғашқы сабақтарда ғылыми жіктелудің маңызы, оның химияда қалай жүзеге асқаны, элементтерді металдар және бейметалдар деп жіктеудің жеткіліксіздігі, олардың арасында айқын шекара жоғын көрсететін амфотерлі элементтер бар екені жөнінде түсінік беріледі. Металдар және бейметалдар түзетін жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері кесте түрінде жазылады. Онда сыныптан басқа металдардың қатты, металдық жылтыры болатыны, жылуды және электр тогын жақсы өткізетіні, тапталғыштығы, созылғыштығы, негіздік оксидтер және негіздер түзетіні, ұшқыш сутекті қосылыстары болмайтыны көрсетіледі. Бейметалдар сұйық, газ және қатты, бірақ жылтыры болмайтын, көпшілігі жылуды және электр тогын нашар өткізетін, қышқылдық оксидтер, қышқылдар және ұшқыш сутектік қосылыстар түзетін заттар ретінде сипатталады. Химиялық элементтер түзетін жай заттар және химиялық қосылыстар туралы ұғым элементтердің табиғи топтарын өткенде дамытылады. Элементтер табиғи топтарға қасиеттерінің ұқсастығы және түзетін заттарының сипаты бойынша біріктірілген. Сілтілік металдардың табиғи тобы туралы түсінік оқулықтағы тәжірибелерге сүйеніп беріледі. Сумен және оттегімен әрекеттесу реакциялары көрсетіледі. Салыстырмалы атомдық массаларының артуына қарай физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарына назар аударылады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.) |