АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бет, 47 есеп. 4 страница

Читайте также:
  1. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 1 страница
  2. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 2 страница
  3. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 3 страница
  4. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 4 страница
  5. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 5 страница
  6. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 6 страница
  7. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 7 страница
  8. I. Перевести текст. 1 страница
  9. I. Перевести текст. 10 страница
  10. I. Перевести текст. 11 страница
  11. I. Перевести текст. 2 страница
  12. I. Перевести текст. 3 страница

5. Электролиттік диссоциация ьеориясы бойынша теңдеулерді қысқартуға байланысты жаттығулар;

6. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына арналған жаттығулар;

7. Атом құрылысы мен изотоптарға арналған түрі;

8. Органикалық заттардың бір класынан екінші класына өтуге, құрылыс формулаларын құрастыруға, изомерияларын түзуге кеңістік құрылысын салуға т.б. жаттығулар;

Іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін құрастырып, жаттықтыру көп зиян келтіреді. Жаттығулар мақсатқа сай және орынды жүргізілгенде ғана нәтижелі болады. Талапқа сай келмейтін жаттығулар оқу уақытын алады, оқушылардың білім игеруіне пайда келтірмейді.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Сан есептерінің оқу – тәрбиелік маңызы.

2. Сан есептерінің жіктелуі.

а) С. Г. Шаповаленко сан есептерін неше типке жіктейді, қандай?

ә) Химиялық тіл тұрғысынан жіктелуі.

3. химиялық формула бойынша есептер және олардың түрлері қандай?

4. Химиялық теңдеулер бойынша есептер және олардың түрлері.

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, V - VІ тарау, 50-75 беттер.

2.А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы,2004,, VІІ тарау, 94-98 беттер.

Дәріс № 12

Тақырыбы: Химия тілі – химияны оқытуда таным құралы.

Дәріс мақсаты: Химия тілі, оның құрамдас үш бөлігімен, атқаратын қызметімен

таныстыру.

Тірек сөздер: химия тілі, ғылыми терминология, терминдер, химиялық номенклатура, химиялық символика.

Дәрістің мазмұны:

Химияның ғылыми тілі дегеніміз кәдімгі ұлттық немесе табиғи тілге қатынасы қандай?-деген заңды сұрақ туады. Таным мен қатынас құралы ретінде пайдаланылатын табиғи тіл көп құрылымды болып келеді,атқаратын қызметі де сан алуан. Кез келген хабарламаны жеткізуде табиғи тілдің мүмкіндігі зор болғанымен әр ғылым өзінің бір құрылымды ғылыми тілін жасауға тырысады. Оларды жасанды тіл деп атайды, химияның тілі де арнайы қызмет атқаратын жасанды тілдердің бірі.

Кейде химия тілін химия ғылымының бір бөлігі деп қарайды. Әр ғылымның зерттейтін объектісі, оны тіркеп, заттандыратын таңбалар жүйесі болады.

Білім сананың қызметі, ол бақыланатын, зерттелетін объектіге айналдыру үшін тіл арқылы берілуі керек. Сонымен,химиялық тіл дегеніміз химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі.

Табиғи тіл де таңбалар жүйесі. Ғылыми тіл табиғи тілдің негізінде жасалады, онымен бірге қолданылады. Бірақ ғылыми тілдің құрамында табиғи тілден оқшау тұратын өзіне ғана тиесілі тілдік құралдары-таңбалары болады.

Химия тілінің үш бөлігі бар.

Химиялық тілдің бірінші бөлігі-ғылыми терминологиясы, жеке терминдер мен терминдер жүйесінен тұрады. Химиялық терминдер –ғылыми ұғымдардың атаулары. Химиялық элемент, атом, зат және химиялық реакция ұғымдары анықталғаннан кейін ғана химия ғылым ретінде қалаптасты. Мәселен, затпен байланысты заттың «қасиеттері», «құрамы», «құрылысы», «жіктелуі», «алынуы» және басқа толып жатқан терминдер қалыптасты. Әдетте бір ұғым бір ғана терминмен беріледі, мағынасы шектеулі келеді, теориялық тұжырымдамаларға тәуелді түрде өзгереді.

Химия тілдің екінші бөлігі – химиялық номенклатура, заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол кәдімгі және жүйелік, ұлттық және халықаралық номенклатура деп жіктеледі.

Химиялық тілдің үшінші бөлігі-химиялық символика, химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады. Оқулықтарда, кейбір методикалық әдебиеттерде химиялық тілге символика ғана жатқызылып келді. Химиляқ символика-халықаралық шартты тіл. Жүйелік номенклатура және химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді.

Химиялық терминология, номенклатура, символика және оларды сөйлемге,текске біріктіретін ұлттық тілдің сөздері арқылы оқушыларға білім беріледі. Ол жаңа материалды дәріс түрінде айту үшін, әңгімелеу үшін пайдаланылады, зертханалық тәжірибелер жасау, тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрнекі көрсету кезінде оқушылардың бақылауын, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және олардың нәтижесін қортындылауға негіз болады. Сондықтан болу керек химиялық тіл химияны оқыту әдісіне жатқызылады. Химиялық тіл арқылы оқушылардың алған білімі бір жүйеге келтіріледі,қорытындыланады, есепке алынады және бағаланады.

Химиялық тіл- оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы. Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын ашу,тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады. Химияның қоғам өміріндегі маңызын,экологиялық мәнін түсінеге мүмкіндік береді.

Химиялық символика заттың құрамы мен құрылысы жөнінде көптеген мағлұматтар береді, олар заттың қасиетін, реакцияласу қабілетін және реакциялардың жүру бағыттарын болжауға мүмкіндік береді., оқушылардың ақыл ойын дамытады.

Химиялық тілдің оқыту құралдары жүйесіндегі орны және атқаратын қызметі. Химияның бағдарламалары,оқулықтары, оқу құралдары, мұғалімдер мен оқушыларға арналған басқа кітаптар ғылыми тіл арқылы жазылған. Химияның өзіндік тілімен қолданыстағы тілін ажыратып, айырмасын түсіне білген жөн.

Көрнекі құралдардың, мәселен кестелердің, диаграммалардың, суреттердің т.б. түсініктемелері ғылымның тілі арқылы жазылады. Олардың әрқайсысынан алынатын ғылыми ақпарат тілдік құралдар арқылы жүйеге келтіріледі. Галогендерге фтор, хлор,бром және иод химиялық элементтер жатады. Бұлардың атомдық массалары 19-дан 127 дейін артады. Молекулалры екі атомнан тұратын жай заттар түзеді. Қайнау температуралары артады,тығыздығы артады.

Химиялық эксперимент өзінің оқу-тәрбиелік міндеттерін сөзбен ұшырастыру арқылы ғана ойдағыдай атқарады. Көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді қойғанда берілетін нұсқау-тапсырма;1. тәжірибенің мақсаты; 2. тәжірибеге қандай заттар алынды; 3. құралдың құрылысы мен және жеке бөліктерінің қызметі; 4. ескерілетін сақтық шаралары; 5. байқалатын құбылыстар; олардың мәндері;6. байқалған құбылыстарды түсіндіру 7. реакция теңдеуін жазу және қорытынды жасау ғылыми тіл арқылы жүзеге асады.

Зертханалық тәжірибелерде ауызша немесе жазба түрде берілетін нұсқаулар арқылы жасалады. Кейінгі кезде мектеп сарамандығында тірек хабарлары деп аталатын құралдар жиі қолданыла бастады. Олар тілдік құралдарды, суреттерді, әр түрлі басқа таңбаларды материалдың мазмұнына сәйкес жүйемен орналастыру арқылы жасалады. Ол үшін оқу материалының тақырыбы жан-жақты талданады. Негізгі ұғымдары іріктелік, арасындағы байланыс блок-сызбанұсқа түрінде көрсетіледі. Әр ұғым,зат, аспап арнайы символ сурет немесе әріп арқылы шартты түрде белгіленеді, олардың орналасуы ұғымдар арасындағы байланыс пен тәуелділікті нақтылай көрсететін болуы керек. Сонымен бірге әр блоктың көлеміне, пішініне және түсіне көңіл аударылады. Бір тақырып бойынша жасалған жеке блок сызбанұсқалар қорытындылау кезінде біріктіріліп, бір тұтас білім жүйесінің қалыптасуына жәрдемдеседі.

Әдетте терминнің мағынасы шектеулі, ол ғылыми анықтама арқылы ізделеді деген пікір қалыптасқан. Дегенмен ғылымның теориясы ауысқанда терминге берілетін анықтама да өзгереді, бұған химияның тарихынан мысалдар келтіріп, көз жеткізу қиын емес. А.Лавуазье қышқылдардың оттектік теориясын ұсынып, қышқылдық қасиетті тудырушы оттегі деген пікір айтты. Келесі ғасырда кейбір қышқылдар құрамынан оттегі табылмаған соң қышқыл термині сутегі арқылы анықталды. Тәжірибе құрамында сутегі бар заттардың бәрі қышқылдық қасиет білдірмейтіні белгілі болды. Осыдан барып, арренус теориясы бойынша, қышқыл терминіне сутегі катиондарын бөліп шығаратын электролит деген анықтама берілді. Химияның одан әрі дамуы барысында қышқыл термині сольваттық,электрондық, жатымды-жатымсыздық теориялары тұрғысынан шектеледі. Әр анықтаманың мазмұнына сәйкес қышқылдар класының құрамына кіретін заттар саны, яғни ұғымының көлемі үздіксіз өзгеріп отырды.

Химияның орта мектепте арналған бағдарламасының мазмұнын анықтағанда осы өзгерістер, яғни тарихи негіз ескеріледі. Қазіргі жаңа бағдарламада қышқылдар мен негіздерді анықтаудың үш теориясы: сутектік, электролиттік диссоциациялану және электрондық теориясы көрініс тапты.

Мектептегі химия курсының теориялық деңгейі көтерілген кезде терминдердің химиялық символикасының мағынасы тереңдейді, заттарды атаудың негіздері дамиды.

Химиялық тілдің оқыту барысындағы мәні педагогикалық және методикалық жағынан әлі де негіздей түсуді қажет етеді. Химиялық тіл оқыту барысында қолданылмайтын сала жоқ десе де болады. Жоғарыда келтірілген химияны оқыту барысының сызбанұсқасына қарасақ, оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны тіл арқылы мемлекеттік құжаттарда тіркеледі және баяндалады. Химиялық тіл оқыту құралдарына жатады, өзінен басқа оқу құралдарын жасауға пайдаланылады. Оқыту әдістері де тілді қолдануға негізделген. Оқытудың ұйымдастыру формалары және нәтижесін шығару да тіл арқылы жүзеге асады.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Химиялық тілдің оқу- танымдық қызметі қандай және оның негізіне нелер жатады?

2. Химиялық тілді меңгеруде көрнекіліктердің қандай түрлері қолданылады?

3. Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негіздері қандай?

4. Мектеп курсында тілдік білімнің көлемі мен мазмұны және ұғымдар қалыптастырудағы рөлі қандай?

5. Химиялық тілді меңгеруді қорытындылаудың жолдары қандай?

6. Химиялық тілді қалыптастырудың қандай кезеңдерін білесіз?

7. Химиялық тілді меңгерудің қандай кезеңдері бар?

8. Химиялық тілді саналы меңгерудің жолдары қандай?

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, VІІ

тарау, 77 - 84 беттер.

2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық

негіздері. Алматы, 2004,, VІІ тарау, 64-78 беттер.

3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, VІ тарау,

87-119 беттер.

4. Танымдық құрал – химиялық тіл. // Химия мектепте, 2005, №1

№ 13 -14 дәріс

Тақырыбы: Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру.

Дәріс мақсаты: Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің оқу – тәрбиелік маңызын,

түрлері мен өткізу формаларын қарастыру.

Тірек сөздер: білімді текскру, ауызша сұрау, жазбаша тапсырмалар, химиялық диктант, тест.

Дәрістің мазмұны:

Оқытудың нәтижесiн шығару-оқыту барысындағы аса маңызды бөлiк. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, әдiстерi және ұйымдастыру фортексеру арқылы анықталады. Тұтасынан алғандағы оқытудың барысы тәрiздi бiлiм мен бiлiктi тексеру де үйрену, тәрбие беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту мақсаттарын көздейдi.

Оқушылардың бiлiмi мен бiлiгiн тексеру арқылы мұғалiм өз iсiне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жiберген кемшiлiктерiнiң себебiн ашуға ұмтылады. Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдiстерiне өзгерiстер енгiзедi, жетiлдiредi.

Бiлiмi мен бiлiктi күнделiктi, тоқсандық жылдық және қортынды тексеру арқылы оқушылар кластан класқа көшiрiледi, мектеп бiтiру емтихандарында сыналады. Ата- аналар балаларының үлгерiмi жөнiнде хабар алады. Әр оқушының жетiстiгi ата-анасын қуанышқа кенелетiн болса, кемiстiгi жiне артта қалуы дер кезiнде шаралар қолдануға мүмкiндiк жасайды.

Бақылау,бағдарлау, үйрету және тәрбие беру мiндеттерiн ойдағыдай жүзеге асыру үшiн бiлiм мен бiлiктi тексеруге бiрнеше талаптар қойылады.

Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтiлген жеке тақырып бойынша әр оқушының бiлiмi нақтылы анықталады.

Тексеру жүйелi және жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиiс. Тексеру үшiн қажеттi дидактикалық және техникалық құралдар, тексеру әдiстерi мен түрлерi материалдың мазмұнына сәйкес алдын- ала әзiрленедi.

Тексерудiң оқушыларды ынталандыратын, өз күшiне сенiмiн арттыратын сипаты болуы керек. Оқушылар тексерудiң қажеттiгi мен пайдасын мойындайтын дәрежеге дейiн көтерiлiп, өзiн-өзi бақылайтын, өз iсiне сын көзiмен қарайтын күйге келуi тиiс. Iзгiлiк пен демократияландыру тұрғысынан алғанда бұл аса маңызды талаптардың бiрi.

Тексерудiң кез келген түрiн қолданғанда оқушылардың бiлiмiне, бiлiгiне және дағдысына қойылатын талаптар ескертiледi, олар қазiргi бағдарламада көрсетiлген. Негiзгi талаптарды химияның теориялары мен заңдарын, деректi және өндiрiстiк материялдарды игеру мәселелерiнiң төңiрегiне топтастыруға болады.

Оқушылар химиялық теориялардың: 1) негiзгi қағидаларын; 2) ашылу тарихын;3)әр қағиданы дәлелдейтiн тәжiрибелер мен деректердi; 4)теорияны өздерi танысатын деректердi түсiндiруге, заттардың қасиеттерi мен құбылыстарды болжай бiлуге пайдаланатын дәрежеге жетуi керек.

Оқушылар әр заңның және ұғымның: 1) мазмұның, 2) өтiлген теория тұрғысынан анықтамасын;3) заң және ұғым тұрғысынан жеке деректердiң және құбылыстардың түсiндiрiлуiн;4) заңның ақиқаттығын дәлелдейтiн тәжiрибелердi;5)ашылу тарихын бiлуi керек.

Оқушылар орта мектпте оқылатын әр заттың табиғатта таралуын, алыну тәсiлдерiн, қасиеттерiн, құрамы маен құрылысын, қолданылуын бiлуi қажет. Химиялық өндiрiске байланысты оқушылар: 1) өнiмнiң құрамын, сипаттамаларын, халық шаруашылығындағы маңызын, 2) шикi заттың құрамын, өндiрiске әзiрленуiн; 3) өндiрiстiң негiзiне жататын химиялық әрекеттердi;4) оларды жүзеге асыратын негiзгi аппараттарды;5) өндiрiстiк ғылыми негiздерiн бiлуi керек.

Оқушылардың бiлiмi мен бiлiгiн тексерудiң ең жиi қолданылатын негiзгi түрi жекелеп Ауызша сұрақ қою кезiндегi ең маңызды методикалық мәселе –ненi және қалай сұрайтынын анықтау.

. Мәселен, периодтық заң және периодтық жүйе өтiлгенге дейiн химиялық элементтi сипаттау жоспары:

1)химиялық символы;2) салыстырмалы атомдық массасы;3)түзетiн жай заты;4) жай затының физикалық қасиеттерi;5) химиялық қасиеттерi;6) табиғатта кездесуi; 7) бос күйiнде зертханада және техникада алынуы;8)валенттiлiгi; 9) түзететiн химиялық қосылыстары.

Жазбаша тексерудің артықшылығы аз уақыт ішінде көп оқушының білімі мен білігін, химиялық сауаттылығын, алған білімін қолдану жайын анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың білімін жазбаша тексеру химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау, ұзақ мерзімді бақылау, баяндама және шығарма түрінде жүзеге асырылады.

Химиялық диктант, көбінесе, химиялық символикаға негізделеді. Оқушылардың бір ұғымды, мәселен, валенттілікті, тотығу дәрежесін, химиялық номенклатураны, химиялық символдарды, формулаларды, теңдеулерді, т.б. қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін жаздырылады. Мысалы: 1) мына оксидтердің формулаларын жазыңдар: калий оксиді, темір (III) оксиді, күкірт (VI) оксиді, көміртегі (IV) оксиді, кальций оксиді; 2) мына заттардың аттарын жазыңдар: Fe3O4, HCl, CuO, NaOH, SO2, H3PO4, (VIII класс); 1) мына элитролиттердегі атомдар мен иондардың заряд шамасын және таңбасын анықтаңдар: H3PO4, AlCl3, Ca(OH)2,NaHCO3, 2) суда ерігенде мына иондарды беретін заттардың формулаларын жазыңдар: Fe3+ және Cl-, Ba2+ және OH-,H+ және HSO3¯,Н+ және NO‾3.

Химияны оқыту барысында оқушыларда көптеген эксперименттік біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың тізбесі бағдарламада берілген. Бұларды оқушылардың қалай игергені көрнекі көрсету арқылы тәжірибелер жасату және зертханалық бақылау жұмыстарын өткізу арқылы анықталады.

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім көрсеткен тәжірибені білімді тексеру кезінде оқушы қайталайды, мұғалім мына мәселерге көңіл аударады және бақылайды: тәжірибенің мақсатын білуі, қажетті заттар мен жабдықтарды таңдап алуы, құралды құрастыруы, тәжірибені жасауы және құбылыстарды бақылауы, құбылысты түсіндіруі және химиялық тілмен жазуы. Қысқаша талдаудан кейін оқушының білігі мен дағдысына баға қойылады.

Оқушылардың білігі мен дағдысын жаппай тексеру бақылау сарамандық жұмыстарында жүзеге асырылады. Тапсырма эксперимент есептері түрінде беріледі. Оқулықты және оқу құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Тексерілетін біліктер мен дағдылар: 1) тапсырманы орындаудың жоспарын жасау; 2) есептің теориялық шешуі; 3) қажетті сызбанұсқаларды, құралдың суретін сызуы; 4) керекті жабдықтарын іздеп табуы және тиімді пайдалануы; 5) тәжірибені жасауы, бақылауларын жазу реті; 6) түсіндіруі және қорытынды жасауы; 7) қауіпсіздік ережелерін сақтауы; 8) жұмыс орнын таза ұстауы; 9) жұмыс орнын тәртіпке келтіруі; 10) жазбаша есебі.

Оқушылардың білігін, білімін және дағдысын қорытынды тексеру зачет алу және емтихан қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Химиядан орта мектепте зачет алу елуінші жылдардан бері қолданылып келе жатса да, методикасы нақтылы талданбаған. Ең алдымен әр класта өткізілетін зачет санын және тақырыптарын анықтайды. Екінші кезекте тақырып бойынша тексерілетін білімнің, біліктің және дағдының мазмұны анықталады. Үшіншіден, оларды тексеретін сұрақтар мен тапсырмалардың тізбесі жасалады, бұған жай және мәселелі сұрақтар, сан және сапа есептері кірістіріледі. Төртіншіден, материалдың мазмұнына қарай зачет ауызша және жазбаша өткізіледі.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру не үшін керек?

2. YIII класс бойынша оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды айтып беріңдер.

3. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі?

4. Ауызша сұраудың түрлеріне мысалдар келтіріңдер.

5. Галогендер тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысының екі нұсқасы берілді, қалған екі нұсқасын өздерің жазыңдар.

6. Химиялық диктанттың орнын, мазмұнын өткізу әдістерін баяндап беріңдер.

7. Қорытынды тексеруге қандай талаптар қойылады?

8. Химиядан алған білім сапасының көрсеткіштерін сипаттаңдар.

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, VІІІ - тарау, 92-105 беттер.

2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері.

Алматы, 2004,, VІІІ тарау, 98-109 беттер.

3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, VІІІ - тарау, 120-133 беттер.

№ 15 дәріс

Тақырыбы: Химиядан топсеруен.

Дәріс мақсаты: Топсеруеннің оқу – тәрбиелік маңызын көрсетіп, оны ұйымдастыру және өткізу әдістемесімен таныстыру.

Тірек сөздер: топсеруен, экскурсия, таным – жорық.

Дәрістің мазмұны:

Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі- топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірмен, өндіріспен және қоғамдық құрылыстың сарамандығымен байланысын жүзеге асырады. Оқушыларға политехникалық білім, еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беруге жәрдемдеседі.

Топсеруен өткізетін объектілер химия бағдарламасының талабына сай, жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады. Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химия өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады.

Мектептің мүмкіндігіне қарай осы объектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі, бір топсеруеннің мерзімі екі сағаттан аспауы керек. Топсеруеннің жоспарында даярлау, өткізу және қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатын ұйымдастыру және танымдық жұмыстардың барлық түрлері, орындалу мерзімі, тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі. Ол үшін мұғалім топсеруен объектісімен жан- жақты танысып, оқу – тәрбиелік маңызы бар заттар мен құбылыстарды, технологиялық әрекеттерді, қондырғыларды дәл анықтап, олармен таныстырудың методикасын анықтайды. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнын сұрыптайды.

Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі. Кешенді топсеруен бірнеше пәннен – химия, физика, география, биология, тарих, т№б№ ұйымдастырылады. Мұнда бір объект әр жағынан қарастырылып, оқушылар өндіріс туралы жан- жақты мағлұмат алады және уақыт үнемделеді.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Химиядан топсеруен неүшін керек?

2. Химиядан топсеруен өткізуде нысандарды таңдап алудың қандай мәні бар?

3. Топсеруен өткізуге даярлықты қалай жүргізеді?

4. Топсеруен материалдарын не үшін пайдалануға болады?

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ІХ - тарау, 122-123 беттер.

2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері.

Алматы, 2004,, ІІ бөлім, ХІ - тарау, 135-143 беттер.

3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ІХ - тарау, 150-152 беттер.

№ 16 дәріс

Тақырыбы: Химиядан факультатив сабақтары.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.)