АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ЭНДОКРИНДІ АУРУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ

Читайте также:
  1. ЭНДОКРИНДІ ОФТАЛЬМОПАТИЯ

МЕН ЕМДЕУДІҢ ЖАЛПЫ

ҚАҒИДАЛАРЫ

1.1. ЭНДОКРИНДІ АУРУЛАРМЕН СЫРҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Эндокринді аурулармен сырқаттанған науқастарды зерттеу ішкі аурулар тәжірибесіндегі қабылданған зерттеу жоспарларынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дегенмен, эндокринді бездер қызметінің бұзылуы бірнеше, кейде көптеген мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен ұштасатынын есте ұстаған жөн. Эндокринопатия диагноздарын қоюдың басым көпшілігі зертханалық және аспаптық әдістермен растауды талап етуіне қарамастан, анамнездік мәліметтер мен физикалық зерттеу қорытындылары маңыздырақ болып табылады.

Эндокринопатия анамнездерінің жалпы ерекшеліктерінің ішінде ескеретін жәйт, қантты диабет пен бірқатар басқа да ауруларды есептемегенде, эндокринді патологиялардың көпшілігі жиі салыстырмалы жас кезде дамиды. Көптеген эндокринді бездер қызметінің бұзылуы кезінде дене массасы, сыртқы келбет, физикалық белсенділік пен жыныс қызметі өзгереді. Әйелдерде жүктілік пен босану фактісінің болуы жорамалды анамнез ретінде ауыр эндокринді патологияның бар екеніне күмән тудырады. Эндокринді сырқат жөнінде анамнез жинау барысында талқылануға тиіс маңызды сұрақтар төмендегі 1.1 кестеде көрсетілген.

Клиникалық тәжірибеде кең тараған көптеген ауруларда нақты диагноз қоюда, отбасылық анамнездің маңызы шектеулі деуге болады (қантты диабеттің 2 типінен басқа). Бұл эндокринопатиялардың басым көпшілігі тұқым қуалайтын аурулар емес, тұқым қуалауға бейім патологиялар болуына байланысты болса керек.

 

1.1 кесте. Көптеген эндокринді патологияларға тән анамнез мәліметтері

 

 
Дене массасының төмендеуі (жиі айқын) Дене массасының жоғарылауы (сирек айқын) Сырт келбеті мен психикасының өзгеруі Менструальды циклдің бұзылуы Бедеулік Либидоның төмендеуі Эректильді дисфункция Галакторея Тер бөлінуінің бұзылуы (тершеңдік, терінің құрғақтығы) Шаш өсудің бұзылуы (гипертрихоз, шаштың көп түсуі) Кардиомиопатия (ырғақтың бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі) Артериялық қан қысымының өзгеруі (гипотензия, гипертензия) Тамақтану тәртібінің бұзылуы (анорексия, булимия) Бұлшықеттік әлсіздік Сүйектердің сынуы Өсудің тежелуі Эндокринді сырқаттың отбасылық анамнезі  

 

Балалар эндокринологиясы тәжірибесінде тұқым қуалайтын аурулардың үлестік салмағы айтарлықтай жоғары. Дегенмен, бірқатар тұқым қуалайтын эндокринопатиялар, алғаш рет ересек жаста да басталуы мүмкін (көптеген эндокринді неоплазия синдромы). Көптеген эндокринді аурулар кезінде науқасты алғаш қарағанның өзінде жоғары дәлділікпен диагнозды қоюға болады (1.2 кесте).

 

1.2 кесте. Науқасты қарау барысында диагнозы түсінікті (анық) аурулар

 

 
Кушинг синдромы Акромегалия Грейвс ауруы (офтальмопатия болғанда) Тернер синдромы Аддисон ауруы  

 

Көптеген эндокринопатиялардың айқын клиникалық симптоматикасының науқастың писхикалық ерекшеліктерімен бірігуі, дәрігерде диагностикалық концепцияның бірден, науқасты алғаш қарағанынан бастап қалыптасуына септігін тигізеді және диагноз қоюда маңызды кейбір шағымдарды науқастың өзі айтпауына байланысты, дәрігер сұрастыруды белсенді түрде жүргізеді. Дегенмен, кейде тіпті тәжірибелі эндокринологтың алғашқы қорытындысы гормональды зерттеу нәтижесі бойынша да дәлелденбейтін кездер болады (мысалы, гипотиреоз).

Эндокринді ауруларды диагностикалауда жіберілетін қателіктерді 4 топқа бөлуге болады:

1. Айқын клиникалық симптоматиканы елемеу. Жиі бұл қателік

Кушинг синдромы мен акромегалия кезінде жіберіледі, себебі баяу дамитын клиникалық симптоматика жиі «жасқа байланысты» өзгерістер немесе жеке дара симптомдар (артериялық гипертензия, семіздік, анемия), тіпті жеке аурулар ретінде қабылданады.

2. Зертханалық зерттеу әдістерінің маңыздылығын асыра бағалау.

Гормондар деңгейін «кез-келген жағдайға» тексере салу, зертханалық мәліметтерді абсолюттік диагностикалық маңыздылыққа әкеледі. Гормональды зерттеудің нәтижелерін талқылауда жиі жіберілетін қателіктердің көзі материалды жинау ережелерін елемеу (консерванттарды, антикоагулянттарды және т.б. қосу), сонымен қатар гормональды зерттеу әдістемесін сақтамау болып табылады.

3. Аспаптық зерттеу әдістерінің маңыздылығын асыра бағалау.

Жиі сырқаттың клиникалық көрінісін талдамай және қажетті гормондар деңгейін анықтамай, бүйрек үсті бездері мен аналық бездердің УДЗ, бүйрек үсті бездерінің және бастың компьютерлік немесе магнитті-резонансты томографиясын өткізу, сәйкес мүшелердің патологиясы жөнінде нақты емес қорытынды жасауға негіз болып табылады. Сонымен қатар, анатомиялық құрылымның орналасу түрлері немесе қалыптыдан сәл ғана ауытқуы патологиялық үрдіске тура көрсеткіш болып, дамымаған жоқ сырқаттың диагнозын қоюға әкеледі.

4. Эндокриндік патологияны тапжылмай іздеу. Жиі зат алмасуында

конституциональды ерекшеліктері бар, астениялық белгілері, вегетативті және алиментарлы бұзылыстары, дәрі дәрмектерді шектен тыс қабылдайтын, невроздар мен түрлі психикалық бұзылыстары бар адамдарда эндокринді сырқаттарды табандылықпен іздеу іске асады. Бұл жағдайды жүйесіз көптеген гормональды және аспаптық зерттеулерді жүргізу ушықтырады, мұндай науқастардың көпшілігінде, кейде негізгі сырқатпен патогенетикалық байланыспайтын, клиникалық мәні жоқ болмашы ауытқулар анықталады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)