|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Диагностикасы. 1. Сәйкес клиникалық симптоматикасы бар науқастарда гормональды зерттеу арқылы гиперпролактинемияның бар екенін дәлелдеу
1. Сәйкес клиникалық симптоматикасы бар науқастарда гормональды зерттеу арқылы гиперпролактинемияның бар екенін дәлелдеу. Қанда бір рет пролактиннің жоғары деңгейін анықтау ГГ диагнозын қоюға жеткіліксіз. Пролактин деңгейінің өзіде ГГ генезі жөнінде ой түюге қосалқы әсер етуі мүмкін. Пролактин деңгейі 3000 мЕд/л жоғары болса, гипофиз аденомасына күмән туады. Идиопатиялық және медикаментозды ГГ кезінде пролактин деңгейі әлдеқайда төмен болады. 2. ГГ-нің симптоматикалық түрлерін жоққа шығару (қалқанша бездің функционалдық жағдайын анықтау, аналық бездің поликистозды синдромын, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігін, жүйке-рефлекторлық және медикаментозды әсерлерді жоққа шығару). 3. Аденоманы визиуальзациялау немесе ГГ–нің идиопатиялық сипатын анықтау мақсатында бас миының МРТ жасалады.
Салыстырмалы диагностикасы · Гормональды белсенді емес гипофиз аденомасы (2.3 бөлімді қараңыз) және «бос» түрік ершігі синдромы (2.8 бөлімді қараңыз). ГБЕГА кезінде пролактин деңгейі аздап көтеріледі. Сонымен қатар, мұндай аденомалар дофаминомиметиктермен терапия көрінісінде кішіреймейді. · Гормональды-белсенді гипофиз аденомалары (соматотропинома, пролакто-соматотропинома). · Симптоматикалық гиперпролактинемия (біріншілік гипотиреоз, наркотиктерді қабылдау және т.б.). · Макропролактинемия кезінде арнайы клиникалық көрініс болмайды, оны макропролактинді анықтау арқылы дәлелдеуге болады. · Соматикалық патология (бүйрек жеткіліксіздігі және т.б.). · Физиологиялық галакторея (нәресте туылғаннан кейін 2–3 жыл бойы және емізу тоқтағанға дейін сақталуы мүмкін). · Жүйкелік-рефлекторлы галакторея және гиперпролактинемия (канцерофобия элементтерімен астеноневротикалық бұзылыстар, бүл кезде науқастар үнемі сүт безі бөліністерін тексеріп, нәтижесінде өзін-өзін пальпациялаудан рефлекторлы түрде галактореяны үдетеді).
Емі 1. Дофамин агонистерімен медикаментозды терапия микро- және макропролактиномалар, идиопатиялық ГГ кезінде көрсетілген. Гипофизарлы дофаминергиялық рецепторларды ынталандыра отырып, пролактин синтезі мен бөлінуін бөгейді, пролактотрофтарда митоз жиілігін төмендетеді, пролактинсекрециялайтын гипофиз аденомаларының өсуін тежейді. Науқастардың басым көпшілігінде пролактин секрециясының қалпына келуі гипоталамустың циклдік белсенділігінің қалыптасуына, гонадотропты гормондар өндірілуінің жоғарылауына, екі фазалы менструальды циклдің, фертильдіктің қалыптасуына әкеледі. Сонымен қатар, шынайы пролактиномалардың көлемдері кішірейеді, осыған орай медикаментозды терапия хиазмалық синдром және неврологиялық симптоматика дамыған макропролактиномалар кезінде де қолданылады. Бедеулікті емдегенде дофаминомиметиктерді (бромкриптин немесе каберголин) жүктілік орнағаннан кейін тоқтатады.
— бромокриптин осы топқа жататын тұңғыш дәрілік зат және ол дофамин рецепторларына селективті емес әсер етуі мен қысқа жартылай бөліну уақытымен ерекшеленеді. Бромкриптинді тәулігіне 1–3 рет 1,25 мг –нан тамақ кезінде қабылдаудан бастап, кейін мөлшерін күніне 2–4 рет 2,5 мг–ға дейін жоғарылатады. Бромкриптиннің бірреттік мөлшері пролактин секрециясын орташа 12сағатқа тежейді. Жағымсыз көріністері (лоқсу, ортостатикалық гипотензия, іш қату) әдетте қысқа мерзімді және дәрі мөлшерін төмендеткенде жоғалады.
— каберголин дофамин D2-рецепторларының селективті агнонисті; пролактин өндірілуін ұзақ және әсерлі тежейді, осыған орай 0,25–2 мг мөлшерде аптасына 1–2 рет қабылдау жеткілікті (қажет болған жағдайда 4,0 мг немесе одан жоғары мөлшерде).
2. Хирургиялық ем дофаминомиметиктерге резистентті макропролактиномалар кезінде көрсетілген. Мұндай аденомалар ақырында иммуногистохимиялық зерттеу нәтижелерінен кейін шынайы пролактинома емес, ГБЕГА немесе аралас ісік екені анықталады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |