АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Болжамы. АБПС кезінде дамитын гирсутизм емделмеген жағдайда менопаузальды кезеңге дейін үдемелі дамып

Читайте также:
  1. Болжамы
  2. Болжамы
  3. Болжамы
  4. Болжамы
  5. Болжамы
  6. Болжамы
  7. Болжамы
  8. Болжамы
  9. Болжамы

АБПС кезінде дамитын гирсутизм емделмеген жағдайда менопаузальды кезеңге дейін үдемелі дамып, кейін спонтанды жоғала бастайды. АБПС-мен сырқаттанған науқастардың 15%-да кейін қант диабетінің түрі және жоғарғы жиілікпен артериялық гипертензия мен дислипидемия орын алады.


6 БӨЛІМ

ЕР ЖЫНЫСЫНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ЭНДОКРИНОЛОГИЯСЫ

6.1. ЕР ЖЫНЫСЫНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Аталық бездер —ұзындығы 3,6–5,5 см, ені 2,1–3,2 см; әрқайсысының массасы 20 г болатын жұп мүше. Аталық бездер ұмада орналасқандықтан, олардың температурасы құрсақ қуысымен салыстырғанда 2–2,5 °С –қа төмен болады, бұл қалыпты сперматогенездің дамуына қолайлы жағдай болып табылады. Аталық без фиброзды переделермен бөлінген 250 пирамидалық бөліктерден тұрады. Аталық бездің әрбір бөлігінде шәуеттік ирек және тік түтікшелері болады, олар өзара қосылып ірі шығарушы түтікке айналады. Шәуеттік түтікшелер Сертоли жасушаларымен бірге эпителиальды сперматогенді қабатпен тысталған. Түтікшелер арасында Лейдиг жасушаларымен интерстициальды тін болады (6.1сурет). Шәуеттік түтікшелердің ұзындығы 70 см-ге дейін жетеді.

 

6.1 сурет. Аталық без құрылысы

6.1 сурет Хвост придатка- Атабез қосалқысының құйрығы Семявыносящий проток- шәует шығатын түтік Тело придатка- Атабез қосалқысының денесі Сеть яичка- Атабез өрімі Семенные канальцы- Шәуеттік түтікшелер Проток придатка- Атабез қосалқысының өзегі Головка придатка- Атабез қосалқысының басы Тубулярный просвет- Тубулярлы саңылау Клетка Лейдига- Лейдиг жасушасы Клетка Сертоли- Сертоли жасушасы Сперматиды- Сперматидтер Сперматогонии-Сперматогонилар

 

Аталық бездер қатар екі қызмет атқарады: репродуктивті және эндокринді. Лейдиг жасушаларында тестостерон синтезделеді. Аталық бездің репродуктивті қызметі-сперматозоидтарды түзуде. Сперматогенез үрдісі аталық без паренхимасында 85% көлемді алатын иірмелі түтікшелерде жүреді. Эндокринді қызметі еркек жыныс гормондарын (андрогендерді), соның ішінде барлық тіндерге дерлік биологиялық әсер көрсететін тестостеронды бөлуге негізделеді. Тестостеронның басты әсерлері:

• еркектік тип бойынша гипоталамус-гипофизарлы жүйе мен сыртқы, ішкі жыныс органдарының дифференцировкасы және стимуляциясы.

• бетте, қасағада, қолтық астында түктенуді ынталандырады.

• бойдың ұзына бойы өсуін, азоттың ағзада ұсталуын, дене бұлшықеттерінің өсуін, көмей ұлғаюының индукциясын және дауыс байламдарының қалыңдауын ынталандырады.

• эритропоэз стимуляциясы және тері асты шел май қабатының андроидты типті таралуы.

• ФСГ-мен бірге сперматогенез активациясы.

• еркек психикасы мен сексуальдылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Тестостерон секрециясы үнемі болмайды, эпизодты түрде бөлінеді, сондықтан оның қандағы деңгейі ауытқып отырады. Тестостеронның максимальды секрециясы 02.00–06.00 сағат аралығында болады, ал минимальды секрециясы— шамамен 13.00-де. Тек тестостеронның 2%-ы ғана қан арнасында бос күйінде айналымда болады, 30%-ы жыныс гормондарымен байланысатын глобулинмен (ЖГБГ), ал қалған 68%-ы альбумин және басқа да ақуыздармен байланысады.

Тестостерон стероидты гормон бола отырып, нысана-жасушаларға пассивті диффузия жолы арқылы енеді. Ол бас миында, гипофизде және бүйректе басты доминирлеуші ядроішілік андроген болып табылады. Басқа тіндерде тестостерон 5α-редуктаза ферменті арқылы белсендірек дигидротестостеронға айналады. Жасушаларда тестостерон мен дигидротестостерон андрогенді рецепторлармен байланысып, рецепторлы-стероидты кешен түзеді де, арнайы хроматин бөліктерімен байланысатын жасуша ядросына тасымалданады.

Тестостерон бауырда белсенді емес сульфаттар мен глюкуронидтерге метаболизденіп, зәр және өтпен экскрецияланады.

Аталық бездердің қызметі гипоталамус-гипофизарлы жүйе арқылы реттеледі. Гипоталамуспен синтезделетін гонадотропин-рилизинг-гормон (ГРГ) гипофизде өндірілетін гонадотропиндердің өндірілуін ынталандырады. Әйелдермен салыстырғанда ер адамдарда ГРГ секрециясының тоникалық орталығы үнемі қызмет атқарып отырады. Әйелдерде ол циклді секрецияланады. Гипоталамустың мұндай жыныстық дифференцировкасы құрсақ ішінде эмбриональды аталық без бөлетін тестостерон әсерінен өтеді.

ФСГ сперматогенезге белсенді әсер етіп, аталық без түтікшелерінің эпителийін ынталандырады. ЛГ ер адамдарда интерстициальды жасушалардың дамуы мен жетілуін, Лейдиг жасушалары мен тестостерон синтезіне әсер етеді. ЛГ-ның Лейдиг жасушаларын ынталандыруы сперматогенездің ерте сатыларында аталық безде жоғары мөлшерде тестостерон қажет болғанда үлкен маңыздылыққа ие болады. Сперматозоидтардың жетілуіне ФСГ қажетті. Сертоли жасушалары да эндокринді қызметке ие және тестостерон секілді гипофиз ФСГ-нің өндірілуін тежейтін ингибинді бөледі (6.2сурет).

Толығымен сперматогенез үрдісі 74 күнге созылады, ал 12–21 күні сперма аталық без қосалқысына тасымалданады.

 

6.2 сурет. Сперматогенез реттелуі

6.2 сурет Клетки Лейдига- Лейдиг жасушалары Тестостерон- Тестостерон Клетки Сертоли- Сертоли жасушалары Сперматозоиды- Сперматозоидтар ЛГ- ЛГ ФСГ- ФСГ Ингибин- Ингибин Гипоталамус, ГРГ, Гипофиз- Гипоталамус, ГРГ, Гипофиз

 

6.2. АНДРОЛОГИЯДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

 

6.2.1. Физикалық зерттеу әдістері

Аталық без қызметі бұзылған науқастарды зерттеу соматикалық зерттеу мен жыныс мүшелерін қарап тексеруден тұрады. Соматикалық зерттеуге қаңқа сүйегінің, бұлшықет жүйесінің, тері асты шел май қабатының ер адамдарға тән белгілерін анықтау жатады. Үлкен маңыздылыққа екіншілік жыныстық белгілердің даму сипаты ие болады. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау барысында сыртқы жыныс ағзаларының құрылымы, жыныс мүшесінің үлкендігі, уретраның шығу орны (гипо- немесе эписпадия), еннің қатпарлығы мен пигментациясы, қасағаның түктену дәрежесі бағаланады. Аталық бездің пальпациясы бездің қолдан шығып кетпеуі мақсатында жылы қолмен жасалынады. Бұл кезде аталық без көлемі, консистенциясы, беткейінің сипаты, аталық без қосалқыларына ерекше назар аударылады.

6.2.2. Зертханалық зерттеулер

Тестостерон мөлшерін қанда анықтау кезінде оның таңертеңгі деңгейін кешкілікпен салыстырғанда деңгейінің 30%-ға жоғары болатынын есте сақтаған жөн. Сау ер адамдарда тестостеронның қалыпты деңгейі тәуліктің бірінші жартысында 12–40 нмоль/л тең. Тестостерон мөлшерінің 10 нмоль/л болуы, гормон тапшылығын көрсетеді, сондықтан шекаралық мәліметтер (10 және 12 нмоль/л арасында) зерттеуді талап етеді.

Тестостеронның 2%-ы ғана қан арнасында бос күйінде болғандықтан, рутинді клиникалық тәжірибеде бос тестостерон мөлшерін анықтау бірқатар қиындықтар тудырады. Осыған орай, күмәнді жағдайларда анықталған тестостерон деңгейін интерпретациялауға жыныс гормондарын байланыстырушы ақуызды (ЖГБА) анықтау орынды. Ер адамдарда қалыпты жағдайда оның мөлшері 18–50 нмоль/л және түрлі аурулар мен жағдайларда деңгейі ауытқып отырады (6.1кесте).

Сондай-ақ, гипогонадизм түрлерін диагностикалауда ЛГ және ФСГ-нің базальды мөлшерін анықтау жүргізіледі. Кей жағдайларда осы мақсатта ынталандырушы сынамалар орындалады. Хорионды гонадотропинмен сынама жүргізу барысында ынталанған тестостерон мөлшері есептелінеді, қалыпты жағдайда оның мөлшері базальды деңгеймен салыстырғанда екі есе жоғары болады.

Екіншілік (гипофизарлы) және үшіншілік (гипоталамустық) гипогонадизмді салыстырмалы диагностикалау мақсатында гонадотропин-рилизинг-гормонмен сынама орындалады. Үшіншілік гипогонадизм кезінде сынамадан кейін ФСГ мен ЛГ мөлшері жоғарылайды.

 

6.1 кесте. ЖГБА деңгейіне әсер ететін факторлар

 

ЖГБА деңгейінің жоғарылауы ЖГБА деңгейінің төмендеуі
Андрогендер тапшылығы Өсу гормонының тапшылығы Гиперинсулинемия Семіздік
Егде жас Тиреотоксикоз Гиперэстрогения Бауыр циррозы Акромегалия Андрогендермен терапия Гипотиреоз Кушинг синдромы, глюкокортикоидтармен терапия Нефротикалық синдром

 

Еркектік бедеулікті анықтау мақсатында мастурбация арқылы алынатын шәует (эякулят) зерттелінеді. Шәует анализі 2-күннен кем және 7-күннен аспаған жыныстық қатынастан тартынудан кейін ғана зерттеледі (6.2 кесте).

 

6.2 кесте. Спермограмманың қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері

 

Көрсеткіштері Мәні
Көлемі 2 мл немесе одан көп
Сперматозоидтар концентрациясы 20 млн/мл немесе одан да артық
Белсенді қозғалатын сперматозоидтар > 25 %
Баяу қозғалатын сперматозоидтар > 25 %
Қозғалысы нашар сперматозоидтар 2 %
Тірі сперматозоидтар 50 % және одан да көп
Лейкоциттер 1 млн/мл
Қалыпты сперматозоидтар > 50 %
Басының қалыпты морфологиясы тән > 30 %

 

Спермограмма өзгерістерінің төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:

•олигоспермия — 2 мл-ден шәует көлемінің азаюы;

•олигозооспермия — шәуетте сперматозоидтар санының азаюы;

•азооспермия — шәуетте сперматозоидтардың болмауы;

•астенозооспермия —сперматозоидтар қозғалғыштығының төмендеуі;

•тератозооспермия — шәуетте 50 %-дан астам патологиялық сперматозоидтардың болуы;

•некрозооспермия — шәуетте 50%-дан астам өлі сперматозоидтардың болуы.

 

6.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері

Аспаптық зерттеу әдістерінің бірі аталық бездердің нақты көлемін анықтайтын аталық без УДЗ-сі болып табылады. Пубертатты кезеңге дейін аталық без ұзындығы шамамен 2 см, ал көлемі 2 мл. Жыныстық жетілу кезеңінде аталық без ұлғайып, 16 жаста көлемі ересек адамдардың аталық безінің көлеміндей болады: аталық без көлемі орташа 12–25 мл-ге тең.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)