|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Салыстырмалы диагностикасы. ҚД-тің айқын декомпенсациясына әкелетін қосымша патологиялар әсерінен дамитын ҚД-мен сырқаттанған
ҚД-тің айқын декомпенсациясына әкелетін қосымша патологиялар әсерінен дамитын ҚД-мен сырқаттанған науқастарда дамитын басқа жедел жағдайлар.
Емі ГОК емі мен мониторингі кейбір ерекшеліктері болмаса, кетоацидоздық диабеттік комадан айырмашылығы жоқ (7.7.1 бөлім): • алғашқы регидратацияның басым бөлігі 1-ші сағатта 1,5–2 л; 2-3-ші сағатта —1 л, кейін натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі 500 мл/сағ; • құрамында калийі бар ерітінділерді құюға қажеттілік, әдетте кетоацидоздық комаға қарағанда сұранысы жоғары; • инсулиндік терапия КК кезіндегідей ұқсас, дегенмен инсулинге тапшылық аздау және гликемия деңгейін тез төмендету қажет емес, сағатына 5 ммоль/л аспау, яғни бас миы ісінуінің алдын алу мақсатында орындалады; • гипотониялық ерітіндіні енгізуден бас тарту қажет (NaCl 0,45 %) (тек айқын гипернатриемия: >155 ммоль/л және/немесе әсерлі осмолярлық >320 мОсм/л); • бикарбонатты енгізуге қажеттілік жоқ (рН < 7,1 ацидоз кезінде тек арнайы реанимациялық бөлімшеде).
Болжамы ГОК кезінде летальділік көрсеткіші жоғары 15–60%. Болжамы ҚД декомпенсациясына және ГОК дамуына әкелетін ауыр қосалқы патологиялар көрініс берген науқастарда қолайсыз.
Гипогликемия Гипогликемия – қан сарысуында глюкоза деңгейінің төмендеуінен (<2,2– 2,8 ммоль/л), симпатикалық жүйке жүйесінің белсену белгілері мен/немесе орталық жүйке жүйесінің дисфункциясымен сипатталатын клиникалық синдром. Гипогликемия зертханалық феномен ретінде «гипогликемиялық симптоматика» ұғымымен бірдей емес, себебі зертханалық мәліметтер мен клиникалық көріністер әдетте барлық кезде бір-біріне сай келмейді.
Этиологиясы —инсулин, сондай-ақ сульфонилмочевина дәрілері мен олардың туындыларын шамадан тыс қабылдау; — өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында тағамды жеткіліксіз қабылдау; — алкогольді ішімдіктерді қабылдау; — өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында және/немесе қосымша көмірсуларды қабылдамай физикалық жүктемемен айналысу; — өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында (бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ҚДТД-ды қабылдауды жалғастыру және оның кумуляциясы, инсулиннің бастапқы мөлшерін өзгертпеу) ҚД-нің кеш асқынуларының (гастропарезбен автономды нейропатия, бүйрек жеткіліксіздігі) және бірқатар аурулардың дамуы (бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі, гипотиреоз, бауыр жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер); —инсулин енгізу техникасының бұзылуы (тері астына енгізудің орнына бұлшықетке енгізу); — артифициальды гипогликемия (науқастың өзі ҚДТД шектен тыс қабылдауы); — органикалық гиперинсулинизм — инсулинома (10.3 бөлімді қараңыз).
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |