|
|||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Патогенезі. Гинекомастияның патогенезінің астарында ер адам ағзасында шектен тыс абсолютті немесе салыстырмалы түрде эстрогендердің
Гинекомастияның патогенезінің астарында ер адам ағзасында шектен тыс абсолютті немесе салыстырмалы түрде эстрогендердің артық болуы жатыр. Жаңа туылған нәрестелердің гинекомастиясы қан арнасында айналымды жүрген плацентарлы эстроген әсерінен дамиды және сирек жағдайда ғана ұзақ сақталады. Ал жасөспірімдік кезде дамитын гинекомастия тестостеронның эстрогенге конверсиясын қамтамасыз ететін ароматаза белсенділігінің жоғары болуынан көрініс береді.
6.10 кесте. Гинекомастия себептері
Гинекомастия гипогонадизмнің барлық түрлерінде дами береді. Туа біткен түрлерінде бүйрек үсті безі андрогендерінің шектен тыс ароматизациясы тестостеронның тежеуші әсерінің тапшылығынан немесе оның болмауынан дамиды. Екіншілік гипогонадизм мен гиперпролактинемия кезінде гинекомастия өте сирек көрініс береді. Гинекомастия жиі созылмалы жүйелік аурулар кезінде дамиды. Бауыр циррозында эстроген мөлшері жыныс гормондарын байланыстырушы глобулин синтезінің артуы нәтижесінде андростендион ароматизациясының артық болуынан жоғарылайды. Тиреотоксикоз кезінде гинекомастияның дамуына андрогендердің шеткі ароматизациясының күшеюі себеп болуы мүмкін. Эстрогенді дәрілер көкірек безінің өсуін сөзсіз ынталандырады. Спиронолактон эстрадиол рецепторларының антагонисті бәсекелесі болып табылатын канренонға метаболизденеді. Циметидин тек антиандрогенді әсер көрсетіп қана қоймай, 2-гидроксилденген эстрадиол мөлшерін төмендеді, ал ол өз кезегінде алғашқысының мөлшерін 20%-ға арттырады. Басқа препараттар тестостерон синтезінің ингибиторы (кетоконазол) ретінде әсер етіп гипогонадизмді және Лейдиг жасушаларын зақымдап (цитостатиктер) гиперпролактинемияны шақырады (нейролептиктер).
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.002 сек.) |