|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Диагностикасы. ҚД-мен сырқаттанған науқастың аяғын қарау әрбір дәрігерге келу барысында
ҚД-мен сырқаттанған науқастың аяғын қарау әрбір дәрігерге келу барысында, жарты жылда бір реттен кем емес орындалуы тиіс. ДТС-ның диагностикасы негізделеді: • аяқты қарау; • неврологиялық статусты бағалау— түрлі сезімталдық түрлерінде, сіңір рефлекстері, электромиография; • артериялық қанайналым жағдайын бағалау — ангиография, доплерометрия, доплерография; • табан мен тобық буындарының рентгенографиясы; • жарадан бөлінген бөліндіні бактериологиялық зерттеу.
Салыстырмалы диагностикасы Басқа генезді табанда дамитын жаралар, қантамырлардың басқа окклюзиялы аурулары, табан буынының басқа патологиялары, ДТС клиникалық түрлері арасында жүргізіледі (7.22 кесте).
Емі ДТС-ның нейропатиялық-инфицирленген түрін емдеу келесі шаралардың кешенінен құралады: — ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге ауыстыру; — жүйелік антибиотикотерапия; — табанға түсетін жүктемені азайту (бұл бірнеше апта ішінде ұзақ жылдар бойы сақталған ойық жараның жазылуына әкелуі мүмкін); —гиперкератоз аймақтарын алып тастау мен жараны жергілікті өңдеу; — аяқ күтімі, аяқ киімді таңдай білу және арнайы аяқ киімді кию. Уақытында жүргізілген консервативті терапия 95% жағдайда оперативті араласусыз емдеуге мүмкіндік береді.
7.22 кесте. ДТС-ның клиникалық түрлерінің салыстырмалы диагностикасы
ДТС-ның ишемиялық түрінің емі негізделеді: • ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге көшіру; • ойық жара-некроздық зақымданулардың болмауы кезінде эрготерапия (коллатеральді айналымның қалыптасуы үшін тәулігіне 1–2-сағат жаяу жүру); • зақымданған қантамырларға реваскуляризациялық операциялар; • консервативті терапия: антикоагулянттар, қажет болғанда аспирин (100 мг/тәу) — фибринолитиктер, простагландин E1 және простациклин препараттары. ДТС барлық түрінде кең таралған іріңді-некротикалық үрдіс кезінде ампутация жөнінде сұрақ қойылады.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.) |