АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Этиологиясы мен патогенезі. ДТС патогенезі көпкомпонентті және инфицирленуге бейім нейропатикалық және перфузионды бұзылыстардың ұштасуымен

Читайте также:
  1. Патогенезі
  2. Патогенезі
  3. Патогенезі
  4. Патогенезі
  5. Патогенезі
  6. Патогенезі
  7. Патогенезі
  8. Патогенезі
  9. Патогенезі
  10. Патогенезі
  11. Патогенезі
  12. Патогенезі

ДТС патогенезі көпкомпонентті және инфицирленуге бейім нейропатикалық және перфузионды бұзылыстардың ұштасуымен көрінеді. Патогенезінде аталған түрткілердің дамуына байланысты, ДТС 3 басты түрін ажыратуға болады:

 

7.21 кесте. Диабеттік табан синдромы

 

Этиологиясы мен патогенезі Нейропатикалық түрі (70%): трофикалық иннервацияның төмендеуі, тірек нүктесінің өзгеруі, ауырсыну сезімталдығының төмендеуі, инфицирлену. Ишемиялық (3-7%) және нейроишемиялық (15–20%) түрі: аяқ қантамырларының атеросклерозы
Эпидемиологиясы Науқастардың 10–25%, кейбір мәліметтерге сүйенсек ҚД-мен сырқаттанған науқастардың 30–80%-да көрініс береді
Басты клиникалық көрінісі Нейропатикалық түрі: барлық сезміталдықтың төмендеуі, табан деформациясы, ойық жараның инфицирленуі (әсіресе өкшеде, саусақ аралықтарда), остеоартропатия. Ишемиялық түрі: «ауыспалы ақсақтық», табан қантамырларындағы пульсацияның төмендеуі, акральды некроз типі бойынша ойық жаралар (саусақ ұштары, өкше)
Диагностикасы Аяқты қарау, неврологиялық статус пен артериялық қанайналымды бағалау, рентгенография, жарадан бөлінген бөліндіні бактериологиялық зерттеу
Салыстырмалы диагностикасы Генезі басқа табанда дамитын жаралар, қантамырлардың басқа окклюзиялы аурулары, ДТС клиникалық түрлері арасында
Емі Диабет компенсациясы, аяқ күтімі, науқастарды оқыту. Нейропатикалық түрі: табанға жүктемені азайту, антибиотикотерапия, жараны өңдеу, дұрыс аяқ қиім таңдау. Ишемиялық түрі: эрготерапия, реваскуляризациялық операциялар, аспирин, антикоагулянттар, тромболитиктер, простагландин дәрілері
Болжамы ҚД-мен сырқаттанған науқастарда аяқ ампутациясы диабетпен ауырмайтындармен салыстырғанда 20–40 есе жиі орындалады

 

I. Нейропатиялық түрі (60–70 %):

— остеоартропатиясыз;

— диабеттік остеоартропатиямен.

II. Нейроишемиялық (аралас) түрі (15–20 %).

III. Ишемиялық түрі (3–7 %).

 

ДТС-ның нейропатиялық түрі. Диабеттік нейропатия кезінде ең бірінші ұзын жүйкелердің дистальды бөлімдері зақымдалады. Ұзақ уақытқа созылған трофикалық импульсацияның болмауы тері, сүйек, байламдары, сіңір және бұлшықеттің гипотрофиясына әкеледі. Дәнекер тіні құрылымдарының гипотрофиясы нәтижесінде аяққа түсетін күштің физиологиялық емес қайта бөлінуінен және кей бөліктерге артық болуынан табан деформациясы дамиды. Осы аймақтарда, мысалы, табан сүйектері проекциясы аймағында терінің қалыңдауы және гиперкератоз түзіледі. Осы аймақтарға түсірген тұрақты қысым оның айналасындағы жұмсақ тіндердің қабынулық аутолизін шақырады, сөйтіп ойық жараның дамуына жағдай жасайды. Атрофия мен тер бөлінудің бұзылуы нәтижесінде тері құрғап, жарылады. Ауыру сезімталдығының төмендеуіне байланысты науқас дамып жатқан өзгерістерге назар аудармайды. Науқас дер кезінде аяқ киімнің жайсыздығын анықтай алмағандықтан аяғы қажалып, мүйізгек (мозоль) пайда болады, жарылған тері орындарына бөгде дененің кіргені мен майда жарақаттарды сезбейді. Осы жағдайды терең сезімталдылықтың бұзылуы нәтижесінде дамыған жүрістің бұзылуы мен аяқты дұрыс баспау қиындатады. Жиі ойық жара стафилококктар, стрептококктар, ішек тобына жататын бактериялар әсерінен инфицирленеді, жиі анаэробты микрофлора қосылады. Нейропатиялық остеоартропатия табанның сүйек-буын аппаратында дамитын айқын дистрофиялық өзгерістер нәтижесінде көрініс береді (остеопороз, остеолиз, гиперостоз).

ДТС ишемиялық түрі магистральды қанайналымның бұзылуына әкелетін аяқ артерияларының атеросклерозы нәтижесінде дамиды, яғни диабеттік макроангиопатияның бір нұсқасы болып табылады.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)