|
||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Эпидемиологиясы. Еңбекке жарамды халық ішінде соқырлыққа әкелетін басты себеп
Еңбекке жарамды халық ішінде соқырлыққа әкелетін басты себеп. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда соқырлықтың даму қаупі жалпы популяциямен салыстырғанда 10–20 есе жоғары. ҚД-1 түрінде 5 жылдан кейін — науқастардың 8%-да, 30 жылдан кейін — 98%-да анықталады. ҚД-2 диагностикалау барысынла науқастардың 20–40%-да, ал 15 жылдан кейін — 85%-да көрініс береді. ҚД-1 кезінде салыстырмалы түрде жиі пролиферативті ретинопатия, ал ҚД-2 — макулопатия (75 % макулопатия жағдайларында) анықталады.
Клиникалық көрінісі Жалпылай қабылданған жіктемеге сай ДР-ның 3 сатысын ажыратады (7.18 кесте).
Диагностикасы Торлы қабықты суретке түсірумен сипатталатын тікелей офтальмоскопиямен офтальмологиялық тексеру ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік сырқаттың манифестациясынан 3–5 жылдан кейін, ал ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарға анықталғаннан бастап тағайындалады. Мұндай зерттеуді жыл сайын қайталап отыру қажет.
7.18 кесте. Диабеттік ретинопатияның жіктемесі
Салыстырмалы диагностикасы ҚД-мен сырқаттанған науқастарда дамитын басқа да көз аурулары.
Емі Диабеттік ретинопатияның басқа да асқынуларды емдегендей басты емдеу қағидасы ҚД-нің оңтайлы компенсациясы болып табылады. Диабеттік ретинопатины емдеудің және соқырлықтың алдын алудың ең әсерлі әдісі- лазерлі фотокоагуляция. Лазерлі фотокоагуляцияның басты мақсаты гемофтальм, торлы қабықтың тракционды сылынуы, нұрлы қабықтың рубеозы және екіншілік глоукома секілді асқынуларға әкелетін жаңа түзілген қантамырлардың функциясын жою болып табылады.
7.11 сурет. Диабеттік ретинопатия: а) пролиферативті емес; б) препролиферативті; в) пролиферативті
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.) |