АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Диагностикасы. Пальпациялағанда жемсау анықталған науқастарға ҚБ көлемін анықтау мақсатында УДЗ

Читайте также:
  1. Диагностикасы
  2. Диагностикасы
  3. Диагностикасы
  4. Диагностикасы
  5. Диагностикасы
  6. Диагностикасы
  7. Диагностикасы
  8. Диагностикасы
  9. Диагностикасы
  10. Диагностикасы
  11. Диагностикасы
  12. Диагностикасы

Пальпациялағанда жемсау анықталған науқастарға ҚБ көлемін анықтау мақсатында УДЗ, сонымен қатар ҚБ қызметінің бұзылысын жоққа шығару мақсатында ТТГ деңгейін анықтау тағайындалады. Қалыпты жағдайда әйел адамдарда ҚБ көлемі 18 мл-ден аспайды, ал ер адамдарда— 25 мл. Жайылмалы эутиреоидты жемсауда без екі жақ бөлігінің ұлғаюы есебінен үлкейеді, бірақ науқаста ТТГ мөлшері қалыпты болады.

 

3.26 кесте. Жайылмалы эутиреоидты жемсау

 

Этиологиясы Жиі себебі — йод тапшылығы, сирек басқадай сыртқы ортадағы зобогенді түрткілер (флавоноидтар, тиоцианаттар)
Патогенезі Йодтың интратиреоидты қосылыстарының тежеуші әсерінің төмендеуі нәтижесінде тіндік өсу факторлары синтезінің қарқындауы әсерінен дамитын тироциттер гиперплазиясы
Эпидемиологиясы Таралу жиілігі йод тапшылығының айқындылығына тәуелді: жеңіл йод тапшылығы дамыған аймақтарда халықтың 5–10%-да, ауыр йод тапшылығында 100%
Басты клиникалық көрінісі Көрініс бермейді, сирек жағдайда без көлемінің ұлғаюы нәтижесінде компрессиялы синдром болады
Диагностикасы ҚБ пальпациясы, УДЗ-сі, ТТГ деңгейін анықтау.
Салыстырмалы диагностикасы Аутоиммунды тиреоидит (ТПО-АД деңгейінің жоғарылауы, УДЗ мәліметтері бойынша ҚБ гипоэхогенділігі, гипотиреоз); Грейвс ауруы (тиреотоксикоз, ЭОП); зобогенді түрткілердің әсері (тиреостатиктер, литий препараттарын қабылдау)
Емі Йод препараттары (100–200 мкг калий йодиді), левотироксин препараттарымен супрессивті терапия, калий йодидпен және левотироксинмен кешенді терапия
Болжамы Қолайлы, көптүйінді жемсау және ҚБ-дің функционалды автономиясы дамуы мүмкін (3.9.2.2 бөлімді қараңыз).

 

Салыстырмалы диагностикасы

Созылмалы АИТ ҚБ көлемінің ұлғаюымен өтеді (Хашимото жемсауы), бұл кезде УДЗ бездің сырқатына тән эхогендігінің өзгерісін көрсетеді,қан сарысуында ТПО-АД анықталады, ал гормональді зерттеу ҚБ гипофункциясын көрсетеді. Соңғысы маңызды белгілердің бірі болып табылмайды, бірақ диагностика үшін өте бағалы. ҚБ көлемінің ұлғаюымен дамитын көптеген аурулар оның қызметінің бұзылысымен ұштасады (Грейвс ауруы). Бірқатар жағдайларда ҚБ-дің ұлғаюы зобогенді препараттарды қабылдаудан дамиды (литий препараттары, амиодарон, тиреостатиктер).

 

Емі

Егде жастағы науқастарда қызметінің бұзылуынсыз ҚБ ұлғаюы барлық жағдайда терапияны қажет етпейді. Белсенді емдік шара жас науқастарға тағайындалады. Эндемиялық аймақтардағы науқастарда ең алдымен физиологиялық мөлшерлерде йод препараттары тағайындалады (күніне 100–200 мкг), нәтижесінде ҚБ көлемін динамикалық түрде бағалау жүргізіледі. Әдетте жарты жыл көлемінде ҚБ көлемі кішірейіп, қалыптасады. Егер қалпына келмеген жағдайда, левотироксин препараттарымен супрессивті терапия тағайындалады, кейде калий йодиді препараттарымен ұштастыруға болады. Бұл емнің басты мақсаты төмендеген ТТГ деңгейін ұстап тұру болып табылады, сондықтан препарат тәулігіне 75–150 мкг мөлшерде беріледі (3.28 сурет).

Осындай терапия көрінісінде науқастардың көпшілігінде ҚБ көлемі кішірейеді. Осыдан кейін науқасты калий йодиді препаратымен монотерапияға көшіру жөнінде сұрақ қозғалады, себебі супрессивті терапияның L-T4 ұзаққа созылуы күмәнді.

 

3.28 сурет. Жайылмалы эутиреоидты жемсауды емдеу

3.28сурет Диффузный эутиреоидный зоб- Жайылмалы эутиреоидты жемсау Йодид калия- Калий йодиді УЗИ ЩЖ через 6 мес- Қалқанша бездің УДЗ 6 айдан кейін Уменьшение или нормализация объема ЩЖ- ҚБ көлемінің кішіреюі немесе қалпына келуі Отсутствие уменьшения или дальнейшее увеличение объема железы- Бездің көлемінің кішіреймеуі немесе одан әрі үлкеюі Йодид калия+ L-T4 или монотерапия L-T4- Калий йодиді + L-T4 немесе L-T4 монотерапия  

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)