|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Эпидемиологиясы
Барлық сүйек сынуларының жартысынан көбі остеопорозбен байланысты болуы мүмкін. Сүйектің сынуы әйел адамдарда ер адамдармен салыстырғанда екі есе жиі байқалады. Менопаузадан кейінгі әрбір үшінші әйелде және 75–80 жас аралығындағы науқастардың жартысынан көбінде остеопороз бар. 50 жастан асқан әйелдердің 30 -да және ер адамдардың 20%-да остеопороз анықталады. АҚШ-та 250 млн халыққа жылына остеопороздық сынықтарға 7–10 млр доллар қаржы жұмсалады.
Клиникалық көрінісі · 50 % көп жағдайда симптомсыз немесе аздаған симптоматикада өтеді және тек сүйек сынғанда ғана анықталады. · Жиі сан сүйегінің проксимальды бөлігі мен иық сүйектерінің дистальді бөліктері сынады. · Омыртқа денесінің сынуы, арқадағы қатты ауыру сезімі, омыртқа деформациясы мен қызметінің бұзылуы (бойының қысқаруы, бүкірлік, жүрістің бұзылуы).
Диагностикасы Остеопорозды диагностикалау мен сүйек тінінің минералды тығыздығын анықтаудың басты әдісі сүйек денситометриясы болып табылады, сирек жағдайда дәстүрлі рентгенография қолданылады (8.2.3 бөлімді қараңыз). Егер денситометрияның «Т» критерийі 2,5-нан төмен болса остеопороз, ал егер «Т» критерийі 1,0-ден төмен, бірақ 2,5-тен жоғары болса остеопения диагнозы қойылады. Сүйек денситометриясы төмендегі жағдайларда көрсетілген: — Қосымша қауіп түрткілерінің болу/болмауына тәуелсіз 65 жастан асқан менопаузадан кейінгі әйел адамдарға. — Қосымша қауіп түрткілері бар 65 жастан асқан менопаузадан кейінгі әйел адамдарға (8.7 кесте). — 70 жастағы немесе одан асқан ер адамдарға. — Анамнезінде минимальды сүйектің сынуымен жарақаты бар ересек адамдарға. — Сүйек массасының төмендеуіне әкелетін сырқаттары немесе жағдайлары бар ересек науқастарға, әсіресе 45 жастан асқан әйел адамдар мен 65 жастан асқан ер адамдарға. — Сүйек массасын төмендететін дәрілерді қабылдайтын ересек адамдарға. — Остеопороз емінің әсерін мониторлау мақсатында. Остеопороз терапиясының әсерін бағалау және сүйек метаболизмі деңгейін анықтау мақсатында сүйек тіні резорбциясы мен жаңаруының маркерлерін қолдануға болады (8.1 кесте).
Салыстырмалы диагностикасы Салыстырмалы диагностиканың мақсаты екіншілік остеопорозды жоққа шығару болып табылады. Бұл кезде басты сырқатты симптоматикалық емдеумен қатар, этиотропты емді жүргізуге болады (8.8 сурет). Остеопорозбен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік жалпы және биохимиялық қан анализі, бүйрек пен бауыр қызметін анықтау, иондалған кальций мен фосфор, ТТГ, тестостерон (тек ер адамдарда) деңгейін анықтау жүргізіледі. Жарыққа шыққан клиникалық көрініске байланысты қажетті басқа зерттеу әдістері жүргізілуі мүмкін.
Емі Остеопороз кезінде бірнеше топ дәрілерін қолдануға болады: 1. Бисфосфонаттар (алендронат, ибандрон қышқылы) омыртқа, сан сүйегі, білек сүйегінің сыну қаупін төмендетеді. Олардың әсер ету механизмі остеокластар белсенділігін, остеокластармен сүйек тіні резорбциясының төмендеуіне байланысты. 2. Кальцитонин (миакальцик) остеокласттардың спецификалық рецепторлармен байланысып, антирезорбтивті белсенділікке ие болуымен қатар, сүйектің сынуы кезінде ауырсу сезімін басады. 3. Менопаузадан кейінгі кезеңде эстрогендермен орынбасушы терапия остепороздың алдын алу ретінде де, емдік шара ретінде де тағайындала береді (5.4 бөлімді қараңыз). 4. Эстроген рецепторларының селективті модуляторлары (ралоксифен) бір тіндерде эстроген агонистері ретінде қызмет атқарса (сүйек тіні), ал басқа тіндерде анатогонист ретінде болады (эндометрий, сүт безі), сондықтан менопаузадан кейінгі кезде әйел адамдарда остеопорозды емдеуге қолданылады. 5. Терипаратид —адам паратгормонының N-терминалді фрагменті остеобластар белсенділігіне әсер етуі нәтижесінде сүйектің жаңаруын күшейтеді. 6. Кальций (карбонат), D дәрумені және D дәруменінің белсенді метаболиттері (α-кальцидиол, кальцитриол) жоғарыда аталған дәрілік заттармен бірге остеопорозды емдеуде кешенді терапия құрамында тағайындауға болады.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.) |