|
||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Эпидемиологиясы. ҚБ жағынан қандайда бір өзгерістер амиодарон қабылдайтын науқастардың 30–50%-да дамиды
ҚБ жағынан қандайда бір өзгерістер амиодарон қабылдайтын науқастардың 30–50%-да дамиды. Жиі белсенді емдік шараларлы қажет етпейтін эутиреоидты гипертиротропинемия жөнінде сөз қозғалады. Қалыпты немесе йодты шектен тыс артық қабылдайтын аймақтарда жиі амиодарон-индуцирлеген гипотиреоз, ал йод тапшы аймақтарда жиі — амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоз дамиды.
Клиникалық көріністері ҚБ-дің функционалдық жағдайымен анықталады. Әдетте гипотиреоз ешқандай спецификалық клиникалық көріністерге ие болмайды және амиодаронды қабылдау көрінісінде ҚБ қызметін динамикалық бақылау үрдісі барысында анықталады. АмИТ-2 жиі клиникалық көрінісі солғын болады, осыған орай амиодаронды қабылдау көрінісінде тиреотоксикоздың жүрек-қантамырлық симптоматикасы жойылады. Бұл кезде алғашқы орынға дене салмағының азаюы, бұлшықеттік әлсіздік шығады. Амиодарон қабылдайтын науқастардың 80%-да ҚБ қызметіне тәуелсіз тәбет төмендейді. Сирек дамитын АмИТ-1 клиникалық көрінісі айқын.
Диагностикасы Амиодарон қабылдайтын науқастарда ҚБ қызметін бағалау әрбір 6 ай сайын жүргізіледі, нәтижесінде ҚБ қызметінің өзгерістері дамиды. Амиодарон-индуцирлеген тиреопатия препаратты қабылдауды тоқтанқаннан бірнеше жылдардан кейін дамуы мүмкін, сондықтан тиреотоксикозбен науқастардың барлығынан анамнезді мұқият жинау қажет. Ерекше назарға жүрек аритмиясы көрініс берген егде жастағы науқастар ие болады. Науқаста тиреотоксикоз анықталғаннан кейін ҚБ сцинтиграфиясы жүргізіледі, бұл АмИТ-1 мен АмИТ-2 салыстырмалы диагностикалауға мүмкіндік береді (кесте 3.29). Парадоксальды солғын клиникалық көрініс кезінде соңғысына бос Т4 деңгейінің 60–80 пмоль/л (қалыпты жағдайда 11–21 пмоль/л) дейін жоғарылауы тән. Бұл кезде бос Т3 деңгейі Т4-тен оның конверсиясының бұзылуы нәтижесінде жоғарылайды.
Салыстырмалы диагностикасы Амиодаронды қабылдау барысында жиі эутиреоидты гипертиротропинемия дамиды, оған қалыпты Т4 деңгейінде ТТГ мөлшерінің жоғарылауы тән. Амиодаронмен индуцирленген гипотиреоз кезінде орынбасушы терапияның тағайындалуын талап ететін Т4 мөлшерінің төмендеуі анықталады. АмИТ-1 мен АмИТ-2 салыстырмалы диагностикасы ҚБ сцинтиграфиясы мәліметтеріне негізделеді (3.31 кесте).
3.31 кесте. Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоз түрлерінің салыстырмалы диагностикасы
Емі Эутиреоидты гипертиротропинемия емді қажет етпейді. Манифестті гипотиреоз (ТТГ↑, Т4↓) кезінде L-T4 орынбасушы терапия тағайындалады. Амиодарон қабылдауды доғарту қажет. Бірақ бірқатар жағдайларда мұны орындау мүмкін емес, себебі препаратты қабылдауды тоқтату қарыншалық аритмияның дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл жағдай радикалды шешімді талап етеді (131I-пен терапия, тиреоидэктомия). Амиодаронды қабылдауды жақын аралықта доғарту ҚБ ауруының клиникалық ағымына еш әсер етпейді, себебі бұл препараттың ағзадан жартылай шығару уақыты өте ұзақ және ағзада өте көп мөлшерде жиналады (әсіресе, семіздік дамыған науқастарда). АмИТ-1 емдеу әдісі нақты клиникалық жағдайға тәуелді таңдалады, бірақ кез келген жағдайда алғашқы сатыда тиреостатикалық препараттар (тиамазол 30–40 мг/тәу) тағайындалады, себебі олардың көрініснде эутиреозға қол жеткізуге болады. Кейінірек науқасқа 131I-пен терапия немесе тиреоидэктомия тағайындалады. АмИТ-2 емдеу өте қиын мәселе, себебі деструктивті тиреотоксикоз кезінде тиростатикалық терапия әсерсіз және көрсетілмеген. Мөлшерін біртіндеп төмендетумен 8–12 апта бойы глюкокортикоидтар тағайындалады (преднизолон 30–60 мг/тәу per os) және оның көрінісінде ғана эутиреоидты жағдай орнайды. Науқастардың жартысында тиреотоксикоз рецидиві дамуы мүмкін. Егер АмИТ-2 созылмалы рецидивті сипатқа ие болса, тиреотоксикалық кардиомиопатия, переднизолонның жоғары мөлшері көрінісінде медикаментозды Кушинг синдромы дамиды да, науқасқа тиреоидэктомия тағайындалады. Бірақ АмИТ-2-мен сырқаттанған науқастардың жартысында деструктивті тиреоидиттердегідей транзиторлы гипотиреоидты кезең дамып, уақытша L-T4-пен орынбасушы терапияны талап етеді.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |