|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Патогенезі. ЭОП-ның дамуында екі кезеңді ажыратуға болады (3.14 сурет)
ЭОП-ның дамуында екі кезеңді ажыратуға болады (3.14 сурет). Белсенді қабынудың бірінші кезеңде ретробульбарлы шелмайда қабынулық өзгерістер дамиды. Бұл өзгерістер шелмайдың көлемінің ұлғаюымен көрініс береді, нәтижесінде экзофтальмның дамуына әкеледі, ауыр жағдайларда тіпті көз жүйкесінің жаншылуын шақыруы мүмкін (көз жүйкесінің нейропатиясы) (3.15 сурет). Көзқозғалтқыш бұлшықеттердің қабынуы біртекті дамымайды, сондықтан көрудің бір бұрышында (жоғары немесе жанына қарағанда) науқаста диплопия анықталуы мүмкін. Ауыр жағдайда тұрақты диплопиямен сипатталатын қитарлық көрініс береді. Ауыр ағымдағы ЭОП-ның қауіпті асқынуы-көздің толық жабылмауына, кейін қасаң қабықтың өзгеріп, тіпті жаралануына әкелетін айқын экзофтальм.
3.15 сурет. Эндокринді офтальмопатия кезінде дамитын экзофтальм мен көз жүйкесі компрессиясының патогенезі
ЭОП-ның екінші белсенді емес кезеңінде көз шарасында дамыған қабынулық үрдістер біртіндеп бәсеңдейді. Жеңіл дәрежедегі ЭОП толық ремиссияның дамуымен аяқталады, ал ауыр дәрежедегі ЭОП кезінде тұрақты экзофтальмге, жоғарғы қабақтың тұрақты ретракциясына, диплопиямен сипатталатын қитарлыққа, катаракта секілді көз алмасы жағынан дамитын екіншілік ауытқуларға әкелетін фиброзы өзгерістер орын алады. ЭОП-ның белсенді емес сатысында глюкоркортикоидтар секілді қабынуға қарсы дәрілік заттарды қолдану нәтижесіз. ЭОП-ның қауіп факторлары мен үдемелі дамуына әкелетін түрткілерге темекі тарту және ҚБ қызметінің бұзылуы (гипотиреоз және тироетоксикоз секілді) жатады.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.002 сек.) |