АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Грин Александр. 4 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

 

 

тосты. Бір үнсіз дауыс малай жұртының тілі сияқты түсініксіз бір сөздерді айқайлап айтып жатыр. Тау құлағандай дүние күңіренеді, жаңғырық пен азынаған жел кітапхана ішін кернейді. Осы ғаламаттың бәрі Грэйдің өз ішінде. Ол төңірегіне көз тастады, жым-жырт тыныштық заматта қиялын сейілтіп жіберді, жан дауылы да өшті.

Грэй бұл картинаны талай рет келіп көрді. Кісі жаны өмірмен тілдескенде аса қажетті киелі бір сөз керек, әйтпесе, адамның өзін-өзі түсінуі қиын, оның киелі сөзі осы сурет болды. Сөйтіп, қаршадай баланың кеудесіне бірте-бірте шалқар теңіз кеп ұялады. Кітапхананы ақтарып, алтын қақпасының ар жағынан жалтырап көгілдір мұхит көрінетін кітаптарды түртінектеп тауып алып, оқи жүріп, ол осы арманымен ауыл үй қонып алды. Сол арман мұхитында, артында ақ көбік із қалдырып, кемелер зымырайды. Олардың кейбіреуі желкен діңгегінен айырылып, толқынға тұншығып, көздері шырадай жанатын балықтары быжынаған мылқау тұңғиық тереңіне шым батып кетеді: ал енді біреулері бұрқ- сарқ қайнап жататын иірімдер тартып, су астындағы серек тастарға барып арандайды; қайтқан толқыннан кеменің қаңқасы қалтылдап, жан ұшыра шайқалақтайды; қашан жаңа дауыл көтеріліп, оны жартасқа соғып күлпаршасын шығарғанша, кісілері кетіп, арқан-жіптері үзілген жетім кеме сары аурудай сарғайып ұзақ тұрады. Бұ кезде үшінші кемелер бір порттан жүкті сықай тиеп, екінші портқа апарып түсіреді; көңілді экипаж шарапханада отырып, саяхат-серуенін жыр ғып айтып, арақ-шарапты құмарлана ішеді. Онда діңгегіне қара байрақ байлаған, лекет пышақтарын жалаңдатқан қорқынышты командасы бар қарақшы-кемелер де, төңірегіне көгілдір сәуле тартып, жүрген жеріне ажал сеуіп кететін аруақ- кемелер де болады; солдатты, зеңбіректі, музыкалы соғыс кемелері де, жанартауларды, өсімдіктер мен хайуанаттарды зерттейтін ғылыми кемелер де, тылсым сырымен, бұзақы бүлігімен аты шыққан кемелер де, жаңалық ашатын, қызықты хикаяларды басынан өткеретін кемелер де кездеседі.

Осынау дүниеде, әрине, жұрттың бәрінен де капитанның тұлғасы биік тұрады. Капитан – кеменің тағдыры, жаны


 

 

мен ақыл есі. Оның мінез-құлқына қарай команданың жұмысы мен тынысы белгіленеді. Команданы оның өзі ғана таңдап, талғап алады және ол соның ырқына, ықыласына сай кеп жатады. Ол кемедегі әрбір матростың әдетін, ойын, үй-ішінің жай-күйін біледі. Қарауындағы кісілер алдында оның сиқырлы бір құдіреті болады, соның арқасында ол шетсіз-шексіз мұхиттан жол тауып, мәселенки, Лиссабоннан Шанхайға емін-еркін бара береді. Ол күрделі бір жүйелі шаралар қолданып, дауыл пәтіне төтеп береді, қысқа да қаһарлы әмірімен үрей қамап дүрліккен команданы су сепкендей басады. Ол қалаған кезінде жүзеді, қалаған кезінде тұрады, ол кеменің кетуіне, жүк тиеуіне, жөнделуіне, тынығуына жарлық береді. Тынымсыз қимылдан, әрекеттен тұратын осындай жанды іске одан артық ақылды билік жүргізетін кісіні табу қиын. Осындай нағыз тұйық та томырық, толық билік тек Орфейде ғана болған шығар.

Капитан жайлы осылай ойлау, оның бейнесі, өмірден алатын шын орны жан тебіренісіне түскен Грэйдің албырт санасынан мәңгі орын тепті. Осыдан басқа ешбір кәсіп, ешбір мамандық тірліктің бар қазынасын саф алтындай тұп-тұтас етіп құя салмас еді, сонда ол әрбір жеке бақыттың өрнек-бояуын қаз қалпында сақтайды. Қауіп-қатер, нартәуекел, табиғат тауқыметі, алыс елдердің нұры, ғажайып бір беймәлім жәйттер, дидарласқанда, айырылысқанда, жалт етіп бір көрініп жоқ болатын ұшпа махаббат, кездесудің, адамдар мен оқиғалардың абыр-сабыр әбігері, қимас ыстық сәттер – бәр-бәрі өз ерекшелігімен, ою нақышымен өтіп жатады; сенің каютаң аяулы Отаныңның кітаптарына, суреттеріне, хаттарына, өр кеудеңе тағып алған бойтұмар ішіндегі жібек шашпен орай салған семген гүлге толы болса да, өмірдің сан алуан құбылыстарына, аспан күмбезінің түпсіз биігіндегі Есекқырған, Жетіқарақшы сияқты жұлдыздарға, күллі құрлықтарға қыран көзбен қызықтай қарайсың.

Он бес жасқа шыққан жылы күзде Артур Грэй үйінен жасырын кетіп қалып, теңіздің алтын қақпасын ашты. Ұзамай Дубельт портынан Марсельге қарай «Ансельм» атты шхуна


 

 

шықты, оның ішінде сыртқы түрі балаша киініп алған кішкентай қыз сияқты нәуетек жас теңізші кетіп бара жатты. Бұл теңізшіміз жұқа саквояждың, жып-жылтыр етік пен тәждің суреті кестеленіп салынған бәтес ішкиімдердің иесі Грэй болатын.

«Ансельм» Францияға, Америка мен Испанияға барған алғашқы бір жылда Грэй бұйымдарының көбін сатып жіберді

– өткен күндерін еске алып, бірсыпыра заттарын тәтті тоқашқа жұмсады, ал қалғанын бүгінгі және болашақ тірлігіне қажет болар деп картаға ұтқызды. Ол қайтсе де көкжал теңізші болғысы келді. Тұншығып бара жатса да, сыр бермей арақ ішті, шырқау биіктен жүрегі лүпілдеп, басын төмен беріп суға секірді. Ол бірте-бірте өзінің ең басты қасиеті – кереметтей сергек, елгезек жанынан өзге ерекшеліктерінің бәрінен айырылды; ол әлжуаз баладан бұлшықеті бұлт-бұлт ойнайтын сүйекті жас жігітке айналды, ақ жүзі күн мен жел қағып қоңырқай тартты, бұрын сәнмен, баппен қимылдайтын бипаз қол енді нені болса да дәл соғатын бейнеткеш, мерген қолға айналды, оның ойлы көзінде енді отқа қарайтын адамның жанары сияқты өткір бір жарқыл пайда болды. Оның бұрынғы әрі паңдаңа, әрі ұяла сөйлейтін сөз мәнері қалып, ағынды айдыннан күміс шабақты қағып кететін шағаланың шалт қимылындай, кесіп-кесіп, қысқа да айқын сөйлейтін болды.

«Ансельмнің» капитаны қатал теңізші болғанмен, қайырымды кісі еді, ол кемеге кейін бір реті келгенде ермек етіп, мазақтап күлемін ғой деп баланы ала салған. Грэйдің теңізге құштарлығын, дарқан өскен баланың өткінші бір шолжаң еркелігі ғана деп ұққан, сол себепті де енді бір-екі айдан кейін бетіме тура қараудан тайсалып, Грэй маған мынадай бір сөздерді айтады ғой деп күн ілгері іштей мәз боп жүрген: «Капитан Гоп, мен мына арқандармен жоғары өрмелеймін деп жүріп, қолымды шиедей жаралап алдым, екі бүйірім, арқам сіресіп қозғалтпайды, саусақтарым домбығып илікпейді, басым зырқылдап ауырады, тілерсегім дірілдеп тұра алмаймын. Мына бір әрқайсысы екі пұт келетін ылғал қанаттар қолыма ауыр соқты; осынау леер, вент, брашпиль, темір арқан, стеньгтер мен салленгтер мендей


 

 

әлжуаздың сорына бола жасалған екен. Мен үйге, мамама қайтқым келеді». Осындай сөзді ойша тыңдаған капитан Гоп бұған іштей былай деп жауап беретін: «Балапаным, қайда барам десеңіз де еркіңіз білсін. Егер сіздің сезімтал нәзік қауырсыныңызға қара май жабысып қалса, оны үйіңізге барғасын «Роза-мимоза» әтірімен сүртіп тазартасыз ғой». Ойынан шығарған осы бір әтірге капитан Гоп кәдімгідей мәз болып, сөзін аяқтағасын жұртқа естірте: «Иә, «Роза- мимозаңызға» жөнеліңіз» дейтін қайталап.

Бірақ жүре келе капитан осы бір салмақты сөзін өте сирек айтатын болды, өйткені Грэй көздеген мақсатына өліктей қуарып, қасарыса тістеніп, қайтсе де жетпек болды. Ол тынымсыз ауыр бейнетке қайсар жігері мен еркін қарсы қойды, кеменің қатал тәртібі қабырғасын қайыстырып, ағза-ағзасына әдет болып сіңген сайын ол бойы жеңіліп, еңсесі көтеріле түсетінін сезді, шалағай шартықтан кәнігі теңізшіге айналатынын білді. Кейде зәкір шынжырының ілмегі толғай соғып, палубаға жалпасынан түсіреді, кнехтке шалынбаған қанат қолдан сусып, алақанын сойып кетеді, долы жел ышқынып кеп, желкеннің темір шығыршық тағылған дымқыл шетімен құлаштап бетке ұрады, не керек, әйтеуір жұмыс біткеннің бәрі ұдайы сақ жүруді талап ететін таусылмайтын бір азап пен тозақ; бірақ ол екі иінінен демалып, белін жаза алмай жатса да, миығынан күліп, сыр бермейді. Жаңа ортада қашан «өзіміздің жігіт» атанғанша ол жұрттың мазақтап күлгенін, кемсіте қорлағанын, боқтап-боралағанын ескермей үнсіз жүре берді, ал әбден бойы үйреніп алғасын ол арына тиетін әрбір сөзге бокспен жауап қайтаратын болды.

Бір күні капитан Гоп оның желкенді рейге қолы-қолына жұқпай шебер байлап жатқанын көріп, іштей өзіне-өзі «Сен мені жеңдің-ау, қу бала» деді. Грэй палубаға түскесін Гоп оны каютасына шақырып алып, умаждалып қалған бір көне кітапты ашып тастады да:

– Ал енді мені мұқият тыңда! Темекіні таста! Кеменің күшігін капитанға айналдыру ісін бастаймыз, – деді ол.

Сосын ол теңіздің ескі сөздерін бір кітаптан судыратып оқи бастады, оқыды деген дұрыс болмас, айқайлап айта


 

 

бастады. Бұл Грэйдің алғашқы сабағы еді. Жыл он екі ай ұдайы ол навигациямен, практикамен, кеме құрылысымен, теңіз заңымен, лоция және бухгалтериямен танысты. Капитан Гоп оған қолын ұсынып, «Біз» деп сөйлейтін болды.

Ванкуверге келгенде Грэйдің алдынан шешесінің ағыл- тегіл жасқа толы, үрейлі хаты шықты. Ол шешесіне былай деп жауап жазды: «Бәрін де білем. Бірақ сен дүниені мен сияқты көрсең: бәріне менің көзіммен қарап көрші. Егер сен дүниені мен сияқты естісең ғой, құлағыңа бақашанақты тосшы

– онда мәңгі толқынның шуылы бар. Егер сен күллі ғаламды мен сияқты жақсы көрсең ғой, онда мен сенің хатыңнан өзің мен махаббатыңа қоса, ұяң күлкіні де табар едім».

Әлқисса, ол сонымен «Ансельм» қашан Дубельтке жүк әкелгенше теңізші боп жүре берді: содан осы арада аз күн аялдайтын болғасын, со кезде жиырма жасқа шыққан Грэй қорған-сарайға қарай бет алды.

Төңіректің бәрі бұрынғыша: осыдан бес жыл бұрынғы сияқты әрбір зат жеке алғанда да, жалпы алғанда да қаз қалпында тұрған тәрізді, тек жас талдардың жапырағы жамырап, қалыңдай түсіпті; оның үй алдындағы өрнегі өсіп, жайылып кетіпті.

Дәйекшілер жан-жақтан жүгіріп келіп, жамыраса қуанып, абыр-сабыр болды да қалды, сосын Грэйді тап бір күн кеше ғана қарсы алғандай-ақ құрмет тұтып үндемей қалысты. Оған шешесінің қайда отырғанын айтты; ол биік үйге кіріп, есікті сәл ашып, қара көйлек ақ шашты әйелге қарап үнсіз тұрып қалды. Ол распятиенің алдында тұр екен; оның ыстық ықыласпен сыбырлай оқыған дұғасы лүпілдей соққан жүректей әуезді естіледі. «Теңізшілерге, жолаушыларға, ауруларға, қасірет шегушілер мен тұтқындарға» деген сөздерді есітті тынысын тартып тұрған Грэй. Сосын барып «Менің ұлыма да...» деген сөздер қосылды. Со замат ол жай ғана: «Мен...» деді. Басқа сөзді айтуға әлі жетпеді. Шешесі артына жалт қарады. Өзі жүдеп кетіпті; тәкаппар ашаң жүзіне жастық шағы қайта оралғандай бір нұрлы шырай кіріпті. Ол дереу баласының қасына жетіп келді, қысқа ғана бір күліп, даусы


 

 

еріксіз шығып кетті де, көзі мөлтілдеп жасқа толды, бар болғаны сол. Бірақ ол өмір бойы тап осы бір сәттегідей бақыт- қуанышқа кенеліп көрмеп еді: «Мен сені бірден таныдым, жарығым, жалғызым сол!» Сол-ақ екен, Грэй табанда сәби қалпына қайта түскендей болды. Ол әкесінің қайтыс болғанын есітті, сосын өзі бастан кешірген хикаяларын сөз етті. Шешесі соның бәрін ләм деместен, баласына өкпе артпай, кінәламай үнсіз отырып тыңдады, бірақ өзінше, іштей ұлының өмір тірлігінің өзегіне айналған өнерін – баласына ермек болып жүрген ойыншықтай көріп отырды. Тіпті құрлықтар мен мұхиттар да, кемелер де оған сондай ойыншық болып көрінді. Грэй қамал-сарайда жеті күн болды, сегізінші күні ол қойны-қонышына ақшаны сықай салып, Дубельтке келіп, капитан Гопқа сөз тастады: «Сізге алғыс айтам. Сіз маған жақсы жолдас болдыңыз. Қош, ақылшы дос!». Сөзінің шын мәнін сездіру үшін ол капитанның қолын құшырлана қысты.

– Енді мен өз кемеммен бөлек жүзем». Гоптың беті ду етіп, қолын жұлып алды да, жерге бір түкіріп, жүріп кетті, бірақ Грэй оны қуып жетіп, иығынан құшақтай алды. Сосын бұлардың бәрі командадағы жиырма төрт адам бас қосып, мейманханадан шықпай, күні-түні ішіп, у да шу болып, ән- өлең айтысып, буфет пен асханадағы арақ-шарап пен ас атаулыны түгел тауысқанша тарқамады.

Арада аз уақыт өткеннен кейін Дубельт портында қарауытып көрінген жаңа діңгек үстінде кешкі жұлдыз жымыңдап тұрды. Бұл Грэй сатып алған «Құпия» кемесі еді, ол екі жүз алпыс тонналық үш мачталы галиот болатын. Сонымен өз кемесінің капитаны және иесі ретінде Артур Грэй тағы да төрт жыл жүзді, ақырында тағдыр айдап, ол Лисске келді. Бірақ ол үйіне келгенде, шешесінің өзін жүрек күйіндей боп естілген қысқа ғана ұяң күлкімен қарсы алғаны жігіттің есінде мәңгі сақталып қалып еді, сол себепті де ол жылына екі рет қамал- сарайға соғып кетеді, келген сайын күміс шашты әйелдің жарым көңіліне медеу боларлық бір ойды: осындай үлкен бала ойыншықтарын қалайда уысынан шығармайтын шығар деген көмескі үміт ұшқынын тастап кетеді.


 

 

III

 

ТАҢ АТҚАНДА

 

Грэйдің «Құпия» кемесінің артында бұрқырап, көпіршіп қалып жатқан ақ жолақ ізі мұхитты белуарынан тіліп отырып, Лисстің кешкі оттарының жарығына жеткенде ғайып болды. Кеме маякқа таяу келіп рейдке тұрды.

«Құпия» он күн ұдайы чесуча жібегін, кофе мен шай түсірді. Он бірінші күні команда жағаға демалысқа шығып, шаршап буына бөгіп жатты, он екінші күні не екенін өзі де білмейді, Грэй әлденені аңсап, жабығып мазасы кетті.

Таң сәріден көзін ашар-ашпастан ол күннің қарайып шығып келе жатқанын сезді. Ол тұнжырап жүріп киінді, селқос отырып таңғы асын ішті, газет оқуды ұмытып та кетті, әлдеқалай бір мағынасыз-мәнсіз ойға беріліп, темекісін ұзақ тартты. Көңіліне келіп-кетіп жатқан көмескі бұлдыр сөздер ішінде бір бұйығы тілек пен ашылмаған сырлар да бар сияқты, бірақ олар өзара арпалысып, таласып-тартысып жоғалып жатыр. Нақа болмағасын ол жұмыспен шұғылданды.

Боцманды ертіп алып Грэй кемені түгел қарап шықты,

«ванттарды тартып, штуртросты босатыңдар, клюзді тазалап, кливтерді ауыстырыңдар, палубаны нұмдап, компасты тазалап, трюмді ашып, сыпырып, ішін желдетіп алыңдар» деген жарлық берді. Бірақ жұмыстан да жаны жай таппады. Көңілсіз күннен әлденені күткендей елеңдеп, күні ұзақ беймаза күйде, мұңайып жүрді: біреу өзін шақырғандай, бірақ кім, қай жаққа шақырғанын ұмытып қалған тәрізді.

Кешкілік ол каютасын жауып, кітап оқыды, оның шетіне кереғар ойларын жазып, авторға ұдайы қарсы дау айтып ұзақ отырды. Осы ойынға, көрде жатып жердегімен ерегіскен автормен айтысам деп ол біраз уақытын өткізді. Сосын ол трубкасын тартып, көк түтінге көміліп, сол сейілмелі селдір мұнар арасынан алуан-алуан суреттер көрді.

Дүниеде темекіден құдіретті ештеңе жоқ, атқылаған асау толқынға май құйғанда оның құтырынуы қалай тез басылатын болса, темекі де сол сияқты, ытырынған сезімді сылап-сипап


 

 

сабасына түсіреді, сонда ол бірі қоңыржай, жаймашуақ күй табады. Сол себепті де, үш трубкадан кейін Грэйдің өрікпіген көңілі басылып, бір ұзақ сонар ойлы күйге көшкендей еді. Ол осылай манаурап бір сағаттай отырды, көңіліндегі бұлдыр тұман сейілген кезде, Грэй селт етіп оянып, сергіп қайтпаққа палубаға шықты. Жеті түн, борт сыртындағы қап-қара су үстінде жұлдыздар мен мачта шамдарының оттары қалғып- мүлгиді. Иман жүзді кісідей жып-жылы ауадан теңіз иісі аңқиды. Грэй шалқайып алыс жұлдыздың алтын мүйісіне сығырая қарады. Со заман кісі қиялы жетпес қашықтан көзінің қарашығына алыс планетаның отты инесі келіп қадалды. Соның шығанақ түкпірінен түнгі қаланың сарыны естіледі. Кейде жағадағы сөзді жел қағып алып, саққұлақ су үстімен осында жеткізеді және өзі тап бір палубада айтылғандай-ақ ап-анық естіледі де, кеменің арқан-жіптерінің, қайыс әбзелдерінің сықырынан өшіп қалады, балкадан сырт етіп шырпы жанды да, әлдекімнің қолын, дөп-дөңгелек көзі мен мұртын көрсетті. Грэй ысқырып қалды, трубканың оты қозғалып, өзіне карай қалқыды, сәлден кейін капитан қараңғыдан вахтадағы кезекшінің қолы мен бет-аузын көрді.

– Летикаға айтыңызшы, менімен бір жерге бармақ еді.

Қармақтарды ала жүрсін, – деді Грэй.

Ол он шақты минуттан кейін Летика әзірлеп қойған қайыққа кеп түсті, осы бір қуақы жылпос жігіт борттан тарсылдатып ескектерді алып, Грэйге берді, сосын өзі төмен түсіп, ескектерді білегіне қондырып, азық-түлік салынған себетті қайықтың тұмсық жағына тыға салды. Грэй рульге отырды.

– Қалай қарай есейік, капитан? – деді Летика, оң ескегімен қайықты бұрып жатып.

Капитан үндемеді. Матрос бұл үнсіздікті сөзбен бұзуға болмайтынын біледі, сол себепті де, ләм демей қайықты есе берді.

Грэй әуелі ашық теңізге қарай бет алды да, сосын сол жағалауды жиектей жүрді. Оған қазір қалай жүзсе де бәрібір. Руль бәсең сырылдайды, ескек сықырлап, шалпылдайды; қалған әлем – теңіз бен тамылжыған тыныштық.


 

 

Ұзақты күн кісі өз кеудесіне қисапсыз көп ойлар мен әсерлерді, сөздер мен сөйлемдерді сіңіріп жинайды, егер соның бәрінің басын қосса, талай-талай кітап шығар еді. Әр күннің ерекше кескін-кейпі болады, бірақ, Грэй бүгін со күннің бет-бейнесін айыра алмай әуре, оның көмескі, күңгірт жүзінде мың сан сезімнің біреуінің табы бар екені рас, қапелімде олардың атын қайдан табарсың. Олар, әдетте, хош иіс сияқты, сөз бен ұғымнан аулақ жатады, сосын оған ат қою да қиын. Грэй тап осындай сезімнің билігінде еді, рас, ол бұл сезімі жайлы «мен бірдеңені тосып жүрмін, ұзамай оны білемін де» дей алар еді, бірақ мұның өзі тұтас архитектуралық ойдың жеке бір бөлшегінің сызығы сияқты. Бұ сезімде әлі де алабұртқан ақ көңілдің серпіні бар-ды.

Бұлар жүзіп келе жатқан жердің сол жағынан қарауытып адырлы жиек көрінеді. Жарық терезелерден, жоғарыдағы мұржалардан түтінмен бірге шашырап ұшқын шығып жатыр, бұл Каперна еді. Грэй дабырласып ұрысқан дауысты, иттің үргенін есітті. Деревня оттары шұрқ тесікті кақпағынан отыны лаулап жанып жатқан пешті еске түсірді. Оң жақтан ұйқыдағы алыптай мұхит аунайды. Капернадан өткесін Грэй жиекке қарай бұрылды. Бұл жерде су жағаны бәсең ғана шылп- шылп жалап жатыр. Фонарымен жарық қып, ол жарлауыт жиекті, оның төбеден түксие төніп тұрған қабағын көрді, бұл ара оның көңіліне қона кетті.

– Осы жерден балық аулаймыз, – деді Грэй қайықшыны иығынан қағып.

Матрос түсініксіз бір тамсанып қойды. «Мұндай капитанмен бірінші рет жүзіп жүрмін, – деді ол күбірлеп. – Іскер капитан, бірақ өзгелерге ұқсамайды. Құпия бірдеңесі бар капитан. Дегенмен, өзін жақсы көрем».

Ескекті ұйыққа қазық етіп қағып, оған қайықты байлады, сосын екеуі бұдыр тасты жармен өрмелеп жоғары шықты. Жар басынан әрі қарай ну тоғай басталады екен. Қураған ағашты шапқан балта үні шықты, ағашты құлатқасын Летика жар басына от жақты. Су бетіне ебедейсіз көлбеңдеген көлеңке түсті, жалтырап жалын шағылысты, түнек түріліп, шөптер


 

 

мен бұтақтар көрінді; алау үстінде түтінмен араласқан ауа бозарып қалқып тұрды.

Грэй от басына отырды:

– Кәне, Летика дос, күллі ішпейтіндердің денсаулығына бағыштап бір тартып жіберші, – деді ол шыныны ұсынып. – Сен хина арағын емес, имбирь арағын алыпсың.

– Кешіріңіз, капитан, – деді матрос, тыныс алып жатып.

– Мынадан бір қарбытайын... – Ол қуырылған балапанға құшырлана тісін басып, жартысын жұлып түсті де, оның бір қанатын аузынан алып, сөзін сабақтады: – мен сіздің хина арағын ұнататыныңызды білем. Қараңғыда асығып жүріп байқамаппын. Білесіз бе, имбирь кісіні ширықтырады, Мен төбелесерде ылғи имбирь арағын ішем.

Капитан ішіп-жеп жатқанда матрос оған қырындай қарап отырды да, шыдамай кетті білем:

– Капитан, осы сізді бір текті тұқымнан шықты деген рас па? – деп сұрады.

– Соны қайтерсің, Летика, қаласаң, қармақты ал да балық аула.

– Сіз ше?

– Мен бе? Білмеймін. Бәлкім, аулармын да. Бірақ... кейін...

Сосын ол өлеңдете сөйлеп, қармақтың бауын жазды; оның бұл өнеріне күллі команда таң қалатын.

– Солқылдаған шыбыққа шұбатылған бау тағып, қармағымды ілдім де, қатты ысқырдым шаттанып. – Сосын саусағын шырт еткізіп, жауын құрты салынған құтыны алды.

– Жер астында қыбырсыз, жауын құрт қарап жата ма, қармаққа енді іліндің, бұйырарсың лақаға. – Ақырында ол өлеңдетіп теңізге қарай кетті: – Маужырайды мына түн, арақ қандай тамаша: шорши берме, бекіре, ақ сүгенім, секірме. Жар басынан Летика, қармақ салды оңаша!

Грэй суға шағылысқан отқа қарап, алау қасына жантайып жата кетті. Манаурап марғау ойлайды. Сол бейжай күйі төңірегін шолады, көмескі бірдеңелер бұлдырап көзге түскені болмаса, көңілде қалмайды. Ойы – қалың нөпірді қақ жарып біреуді қағып-соғып, біреуді басып, бірде қатты, бірде жай


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.)