АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Х І І І т а р а у

 

Әлгі бір портреттің жұмбағын шешемін-ау деген үміт- сенімім, күн ілгері ойлап қойған даяр жоба-жоспарым болмаса да, соның бір сәті түсер деп, палубаға шықтым да, шезлонгке барып жайғастым.

Өзімді өзім онша көп қинамай-ақ, көкейімде жүрген мәселені анықтау үшін сыр тартып сөйлесетін кісім Бутлер еді. Асықпай шылым шегіп, оның келуін күттім. Мен оның осы араға келетінін іштей сезген едім.

Күн әлгідегіден біраз жақсарыпты. Азынаған жел әлсіреп, ауаның дымқыл сызы азайып, күн шағырмақ тартыпты, ол қалың бұлттан шақырайып шықпағанымен жұмсарып жыли түскен. Енді бір ширек сағаттан кейін Бутлердің өзі де көрінді, ол шала гәйіп болмағанымен, кешегі арақтың уытын бүйірлі бір стаканмен қайтарған тәрізді.

Менімен жолыққанына оның көңілі разы сияқты болып көрінді. Салған жерден оған сигар ұсынып, бастырмалатып сөйлеп кеттім, қолма-қол бір анекдот айтып, оның қатулы қабағын жазып, жайбарақат, еркін күйге түсіргеннен кейін көсіліп сөйлеуге көштім де, мен оған «Толқын перісі» өзім көрген кемелердің ішіндегі ең керемет желкенді кеме дегенді айттым.

– Егер ол жүкті мұнан да көбірек алатын болса, біз үшін тіпті жақсы болар еді, – деді Бутлер. – Трюм біреу-ақ. Оның өзі жүк тиеуге арналмаған. Біз оның ішкі қоршауларын алып тастап, сыйымдылығын арттырдық, сонда да екі жүз тоннадан көп жүк тиеуге болмайды. Қазір кіре жалдау


 

 

қымбатқа түседі, сол себепті де ептеп-септеп күн көруге болады, ал, былтыр Гез борышқа белшесінен батқан.

Мен бұған қоса осыдан он төрт жыл бұрын бұл кемені Нэд Сениэль деген кісінің жасатқанын білдім. «Сениэль» деген атты естігенде бір түрлі тынысым тарылып кеткендей болды. Бетім бүлк етпестен мен оны зейін қойып тыңдай бердім.

– Бұ кеме сейіл-серуенге арналып жасалған, – деді Бутлер,

– бір рет жер жүзін бір айналып шықты да. Сіз білесіз бе, гәп мынада: Сениэльдің таяуда қайтыс болған әйелінің аталары осы арадан әуелі қоныс теуіп, Гель-Гьюдің іргесін қалаған кісілермен жекжат көрінеді, оларды атам заманда біздің кеме сияқты «Толқын перісі» деп аталатын бір бриг елсіз жағаға тастап кетеді. Ендеше бұл тарихтың өзі бір жағынан алып қарағанда тұқым қуалаған тарих, сол себепті Сениэльдің әйелі де кемені әдейі солай атаған. Осыдан бес жыл бұрын мақтаның бағасы күрт арзандаған кезде, Нэд Сениэль тап- тақыр кедей болып қалады. Кемені Гезге сатады. Гез әуелден- ақ «Толқын перісінің» капитаны болып келеді, өз басым бұ кемеге таяуда келдім. Бұл оқиғаның бәрін мен Гездің өзінен естігем.

– Демек, Гез кемені Сениэль кедейленгеннен кейін сатып алған ғой?

Бутлер қапелімде не дерін білмей сасып қалып, сигарьдың жыртылған қағазын түкірігімен желімдей бастады.

– Ұмытпасам, қазір осы кеме Браунге көшкен болу керек. Иә, тап солай. Бірақ ақша мәселесінде менің шаруам жоқ, – деді ол ыңғайсыз жағдайдан әзер дегенде құтылып.

Жақын күндердің бірінде асықпай отырып, дұрыстап сөйлесеміз деген оймен кеме жайын одан әрі қазбалап сұрамадым. Егер дігерлеп мазалай бермесең, әңгімені бастаған кісі оның аяғын да айтады ғой. Мен енді Гезге көштім, аса қиын мәселені мейлінше жұмсартып, капитанның тұяқсыз қубас екеніне аяныш білдірдім, бұ байғұстың берекесіз тірлік кешіп жүргені де, шамасы, содан шығар, үйінде жаны ашитын кісі болмағасын сөйтпегенде қайтсін деп бір соқтым.


 

 

– Балалар? – деді Бутлер көзі бақырайып. Ол сұмдық қайран қалды. Гез бала тілейді деген сөз оның ақылына сыймаса керек. – Ол өмірде үйленбеген адам. Сіз не айтып отырсыз?

– Мен солай ойлап қалдым. Капитан Гездің әйелі бары ақиқат деп жүрсем.

– Ешқашанда. Бәлкім, сіз оның үстелінің үстінен қыздың суретін көргесін солай деп ойлап қалған шығарсыз, ол әлгі Сениэльдің қызы ғой.

Мен үндемей қалдым. Бутлер тұқырайып етігінің тұмсығына қарай берді. Оның томырық суық жүзі жылып, жымиып күлгендей болды.

Әрине, ол маған ағынан жарыла салмайды, өйткені көкейде жүрген жәйтті анықтауға таяп келгенімді сезсем де, біреудің құпия сырын Бутлер шала таныс адамға шаша қоймас деп ойладым. Бутлер жымиып күлгеннен кейін менің өзім де ондай сөзді барып тұрған опасыздық деп білер едім. Бутлер сигарын құныға бір сорып, тізесіне түскен күлді қағып тастады да, бір жұмысты сылтау етіп кетіп қалды.

Мен қалып қойдым. Биче Сениэльмен жағалауда кездескенім жайлы Бутлерге айту керек пе еді деп ойладым да, Гезбен екеуінің арақатынасынан тіпті де бейхабар екенімді еске алдым. Бутлер бұ сөзді капитанға жеткізсе, жағдай бұдан бетер шиеленісе түседі. Мұның үстіне қыз бен кеменің Лисске бір мезгілде келуі – екі жақтың уәде-келісімінің нәтижесі шығар? Бутлер екеуміздің әңгімеміз мені бір жабық есіктің алдына әкеліп, оның құлпының кілтін бермегендей болып көрінді. Бұрынғыша кейбір жайтты үстірт білгеніммен, Биче Сениэльдің суреті Гездің үстелінің үстіне неге қойылғанын біле алмай-ақ қойдым. Адамдардың бір-бірімен қарым- қатынасы алуан-алуан болып келеді, мен кейбір тылсым жайттардың оп-оңай анықталатынын, зәредей нәрседен шешілетінін талай көргем. Ал, екінші жағынан алып қарағанда, Сениэль қызының, елден асқан сұлу және қылықты бойжеткеннің суретін Гездің қастерлеп сақтап жүргені тегін болмасқа керек. Дегенмен, бір-біріне тіпті де ұқсамайтын осы бір-екі адам көңілдес дегенді ойлаудың өзі ерсі сияқты еді.


 

 

Осы бір қалың ойдан түбірлі бір түйінге келмесем де, оларды көз алдыма елестетіп, көңілдегі көп күдіктен арыла алмай отырғандағы бір байқағаным, Биче Сениэль жәйін ойлағанда бір түрлі мазасызданып, дызақтап кетеді екем. Оны есіме алсам болғаны өрекпіп кетем, қас қағымда жалт етіп бір көрініп, кісі жүрегіне от тастап кеткен қыз жүзбе- жүз кездесіп, тікелей танысқанда кісіні еркінен айырып, дерт болып жабысатын шығар. Бір адамның екінші бір адамға – әйелге немесе қызға өлердей ғашық болып кететінін талай рет көргем. Өзімнің жай-күйімді әбден ойластырып, өлшеп- пішіп қоятын кездерді де басымнан сан рет өткергем, сонда тіпті ғашығымды көндірсем деген ниеттің өзін ұмыттыратын осы бір азапты сезімнің неден, қалай басталатынын мен ешқашан біліп те, сезіп те көрген емен; күллі өмір-тірлігіңді бағыштаған жан еркеңмен кездейсоқ дидарласу, қиыла қарасу, оның қолы, күлкісі, әзіл-қалжыңы сенің аяулы көңіліңнің шипасы, дертті жаныңның емі, сол қуаныштың өзі – мұратқа жеткеніңмен бірдей; бірақ менің өз басым ондай ғашықтық дертінен аулақ, жайбарақат жүрген кісімін, егер аяулыңды бір көруге ынтық болмай-ақ, тек ертелі-кеш құса болып ойлай бергенді кісінің жайбарақат күйі деуге бола ма екен?!

Ақырында буалдыр бұлт арасынан күн де шықты, теңіз жарқырап толқын көпіршіп жатты. Ұзамай төмендегі каютама барып, екі сағаттай алаңсыз кітап оқыдым. Мен екі кітапты қабат оқыдым, біреуі жан-жүрегімде, екіншісі қолымда болды.

Кеменің ережесі бойынша түскі ас сағат бірде беріледі, түс уақыты жақындап қалыпты. Теңіз де таңертегі сияқты қатты шайқамай жай ғана тербейді. Мен енді өзім оңаша отырып түстенбекші болдым, өйткені түскі ас кезінде Бутлер вахтаға кетеді, демек Гезбен, Синкрайтпен бірге отыруым керек. Өмірінің кейбір жәйттерін біле алмай басым қатып және соны өзінен тікелей сұрай алмайтын болсам, әдетте мен ондай кісілермен жұғыса алмаушы едім. Бұл – Гез жайлы айтқаным, ал, енді Синкрайтқа келетін болсақ, оның көлгірсіген күлкісі мен жымысқы көзқарасынан қарап тұрып жиренемін.


 

 

Мен Горацийді шақырып алып, түстікті жалғыз ішетін болып келістім. Дагон жақындап қалғандықтан бүгін түскі ас ертерек болады екен, ал Гез Дагоннан темір тиеп алуға тиіс.

Біраздан кейін түскі асты каютама әкеп берді. Мен ауқаттанып болғасын, палуба үстіндегі абыр-сабыр дауысты есітіп жоғары шықтым.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)