АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Грин Александр. 10 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

теңеу қажет-ақ еді.

Мен осыны енді ұға бергенімде қыз орнынан тұрды, оның маңындағы нөкерлері шамадандарды алып, уласып-шуласып күймеге қарай ұмтылысты, экипаждың артқы жағында «Дувр мейманханасы» деген жазу бар еді. Қыз күймеге жақындап барып, айналасына уақ тиын-тебен шашып жіберді де, көңілін бір демдегендей күлімсіреп барып орнына отырды. Төңірегінде қайнап жатқан тірліктің бәрі қыз назарынан тыс қалмайтын тәрізді.

Комиссионер бір секіріп күймешінің қасына барып жайғасты, экипаж қозғала берді, бір топ тіленшілер оның соңынан жүгіре ілесіп барып қалып қойысты, көше бойында бұрқырай көтерілген шаңға қарап тұрып, мен сол арада бұрынғы әдетімше, бәлкім, тап қазір менің алдымнан мақсатыма жеткізетін жол басы елес беріп өте шықты-ау шамасы деп ойладым.

Несін жасырайын, көңілім алабұртып бір нәумез күйге түстім, сонда осынау бейтаныс қыздан табиғат ақ жұмыртқа сарыуыз етіп тұтас жарата салған сұлулықты көргендіктен емес, ол ескі дертімді қайта қоздырды. Қыздың шамадан


 

 

үстінде отырған бір сәті ғажайып оқиғалар, әуезді әнші желдер, малта тастар арасынан табылатын асыл тас жайлы көкейкесті сағынышты қайта қозғап кетті. Мен бұ қыз өмірдің өзін бір арнаға салып, саналы түрде тірлік кешетін айырықша бір ардақты жан екен, егер осындай бір тағдыр мені саясына алса, түбінде іңкәр арманды көрер едім-ау деп ойладым. Бірақ ауа райы бұзылғанда сыздап қоя беретін ескі жара сияқты осы бір мұңлы ойдан басқа бір мұңлы ой туындады: ол, көптеген осындай оқиғалардың өзі өтірік боп шығушы еді-ау деген күдік еді. Иә, көз алдымнан әлдебіреудің сыпайы, түр-пішіні, сөзі, табиғат суреттері елес беріп, талай рет алданғаным бар, одан көңілім құлазып опық жеп қала беретінмін, көңілім соқса мен қажетті қызды оңай-ақ тауып алар ем. Мен онын тілін тауып, көңілін аулап, көз қырымнан таса етпес ем, сөйтіп көзі ашылмаған бұлақтай екеуміз бірге ағар ек; жан-жүрегіміздің ең бір нәзік аяулы пернелерін айнымай тауып, көкейдегіні айтпай біліп, оны ақылыммен аялап бәрі-бәрін жүйе-жүйемен ыңғайластырып отырар ем. Бірақ лаж бар ма, мен енді өзіме де, өзгеге де сенуден қалған едім, әсіресе әлдекімдермен оқыс дидарласып, келісе қалудан біржола тыйылған едім.

Осы жайттарды ойластыра келе, мен қимыл-әрекеттен бас тарттым да, үйге келіп, қалған уақытымды кітап қараумен өткіздім. Бірақ бір өкпек жел соққандайын, көңілім ұйтқып, алаңдап, кітапты да мандытып оқи алмадым. Қызыл іңірде әбден қалжырап, креслода отырыл қалғып кетіппін.

Ұйқылы-ояу отырсам, кенет вагон ішінде ауырып ақылымнан жаңылып қалған сәтім есіме түсіпті. Құмдауыт даламен зулап келе жатқанда күн шапағының терезеден қызыл орамалын бір бұлғап қалғанын білем. Мен көзімді жұмар-жұмбас мүлгіп отырып, тап бір медаль бетіндегі бейне сияқты, жолсеріктерімнің бірінің сыртынан бірі шығып жатқан құбылмалы кескін-кейіптерін көрем. Кенет олардың даусы дабырлап күшейіп кетті, тіпті ащы айқайға жеткендей болып көрінді, сосын жұрттың ерні жыбырлағаны болмаса, үні шықпай қалды, тек көздері ғана жалт-жұлт етеді, мен


 

 

ақылымнан жаңылсам керек. Вагон жоғарыға қалықтап ұшып барып, жоғалып кетті.

Одан әрі не болғанын білмеймін – ыстығым көтеріліп, есім ауып кетіпті.

Со бір кеште осы бір оқиғаның есімнен шықпай неге мезі еткенін өзім де білмеймін, өйткені оның жалпы әуені жағалаудағы көрініспен байланысып жатыр-ау деген бір тосын ой көңіліме келді. Шала ұйқы іңір өрнегін тоқып жатыр. Мен бағанағы қызды қайта есіме алдым, кешігіп қалғаныма өзім де өкінем.

Өзімен өзі қақпақыл ойнаған кісіге көлгір сақтықтың қажеті не? Мағынасыз өзімшілдіктің қажеті не? Тіпті күдіктенудің қажеті қанша? Өткен кездегі азды-көпті алданып қала бергендіктен де, осы жолы ашық тұрған есікке кіруден бас тартқан жоқпын ба? Ашық әуенді, жұмсақ үнді есіте тұра, құлағымды тығындап алып, бұрынғы даңғазаны есіме алам. Осы жолғы әуен ақ пейілді оркестрден шықса қайтем?

Енді бір жүздеген жылдар белесінен өткен соң адамның тілеуі көркем синтездей ап-айқын дәрежеге жетеді. Ол өз әлемінің бейнесін зәрезап жүйкенің күңгірт, көмескі айнасынан барып қарамайды. Кісі тілегінің өзі қаңтардағы жәндік сияқты анық та айқын болады. Летьерридің «Дюрандасы» Трансатлантика линиясының құрыш Левиафанына қандай болып көрінсе, салыстырған кісіге мен де тап сондай болып көрінгім келді. Іңкәр арман тау ішінде жасырып жүрді, сол себепті де мен көкжиектің солай қарай кететін жолдарының бәрін назарымнан тыс қалдырмауым керек-ті. Әрбір нышан- елесті мүлт жібермей, тұнжыр бұлт пен орман-тоғай арасынан жылт еткен сәулені қағып алып тұруым қажет еді. Көп күйбеңмен жүрсем де, көп істерім үшін мен енді қапы кетпеуге тиіспін.

Осылай әбден ойланып-толғанып алып, бір түйінге келген кезде телефон шылдырады, мен ұйқымды ашып, құлағымды тоса бердім. Филатр екен. Ол менің жай-күйімді білмек болып, бірнеше сұрау берді. Сонымен бірге ол маған ертең Стерстің үйінде жолығалық деді, мен бармақ болдым.


 

 

Екеуміздің сөзіміз біткесін көңілім бір түрлі ұйтқып, тарылған тыныстай өзді-өзімнен қысылып, «Дувр» мейманханасына телефон соқтым. Басыңа осындай бір іс түскенде жұрттың бәрі сенің көңіліңнің құпиясын айтпай-ақ біліп қойғандай болып сезіледі. Бейтарап жауаптың өзі айғақты дәлел сияқты естіледі. Өзіңді көрсетпей, өзге біреудің тірлігіне оқыс жақындатып жіберуге келгенде дүниеде телефоннан жүйрік нәрсе жоқ, қаласаң – ол сен бір ештеңе айтпағандай- ақ, табан астында үзіп жібере салады. Осы бір түкке тұрмайтын бос сөздер, бәлкім, менің бұл әңгімені беймаза күйде бастағанымды білдіретін де шығар.

Мен әңгімені қысқа қайырдым: «Бүгін «Гранвиль» кемесімен келген Анна Макферсонды шақырыңыз» дедім. Біраз үнсіз тұрып, дәйекші іскер үнмен мейманханада ондай әйелдің жоқ екенін айтты, осындай жауап алатынымды ілгерірек сезген мен күмілжіген дәйекшіге бейтаныс қыздың үстінде қандай киімі барын тәптіштеп суреттеп бердім.

Менімен сөйлесіп тұрған кісі үнсіз ойланып қалды.

– Демек, сіз бізден әлгіде ғана вокзалға кетіп қалған бикешті сұрап тұрған болдыңыз. Ол мұнда Биче Сеннэль деп жазылған, – деді бір кезде.

Мен ойланғаннан гөрі қаттырақ өкіндім бе қалай, әйтеуір іле жауап қаттым:

– Өте жақсы. Мен біреудің тапсырмасын орындаймын деп аты-жөнін шатыстырып алсам керек. Маған тағы бір жайтты біле сал деп еді...

Мен сөзімді кілт үзіп, трубканы қоя салдым. Бұл менің орынсыз сөйлей бастаған бос былшылыма ақыл-ойымның тосыннан тапқан тыйымы еді. Биче Сеннэльдің қайда кеткенін білгеннен не пайда? Бағана жағалауда отырғаны сияқты, ол бір шаруасы болғасын өз жөнімен жайбарақат кетіп бара жатқан шығар – мен көңілімді бір демдеп, креслоға отырдым да, кітап оқымақ болдым, оның алғашқы жолдарына көзім түскеннен-ақ, осынау бес жүз бетті бітіргенше жалығып кететін шығармын деп ойладым.

Мен тық-тық еткен сағат үні ғана өлшеп тұрған тылсым тыныштықта отырғам. Тыныштықтың өзі зулап бара


 

 

жатқандай, сол арада қалың бір елестер мұнарына еніп кеткендей болдым. Тұла бойымды маужыратып екі рет ұйқы келді, сосын оның қалай келіп-кеткенін де сезбей қалыппын. Сол ұйқыдан күн шыға бір-ақ ояндым. Әуелгі сезгенім, күліп оянған екем. Мен орнымнан тұрып, жаным жадырап жайғасып отыра кеттім. Сірә, мұндай ғажайып құбылыс

болар-ау деп ойламасам керек

Мен со бұрынғы айтқан бөлмемде жатқам, оның теңізге қараған қабырғасы шынында да үлкен бір терезе еді. Ол үй төбесінің карнизінен едендегі кәсекке дейін созылады, ал екі жағы қабырғаға бір футтай ғана жетпейді. Оның жақтауын ысырсаң әйнектері көрінбей кетеді.

Терезе сыртында – төменде гүл егілген тілдей ғана жер бар.

Мен оянғанда күн теңіздің сонау алыс жиегінен енді көтеріліп келеді екен, оның нұры бөлмеге артқы қабырғада ойнаған толқын сәулесімен аралас кіріпті.

Үйдің төбесі мен қабырғаларында күн аруақтары зулап билеп жүр. Жарық алтын өрмегін жайып, тылсым суреттер салады. Ғажайып бір алтын құстар шоғыры жыпырлап құйғытып келіп, қабырғаларға қонған кезде шұғыла ұшқын шашып алаулап, бір желпіуіш сәулелер, шоқ шеңберлер мен от-елестер жамырап, бөлме ішін кезіп, ойнақ салып кетеді. Күн аруларының осынау қызыл-шұбар кілемі тынымсыз желбіреп, тынымсыз қозғалып, жаңа ою-нақыш салып, көз жауын алып жалтылдап үлкейіп барады, енді оның қимылы шарықтау шегіне жетіп, төңіректі – жоғарыны, төменді түгел жайлап құтырып кетті. Көзге көрінбейтін бір дуалы қол ғажайып бір хаттар жазады, бірақ музыка сөйлей жөнелгенде оның мән-мағынасына түсіну қандай қиын болса, бұған да түсіну сондай қиын еді. Бөлмеге жан бітті. Су бетінен шағылысып, бөлмеге жамырай лап қойған жарықтың шабуылына шыдай алмай, енді ол да жайымен шыркөбелек айнала жөнелетін сияқты. Тіпті менің өн бойымды жарық қаптап өрмелеп барады. Осының бәрі тап бір сілкіп-қағып жатқан ұшқынды тор ішінде мөлдір көбелектер жыбырлап ұшып түсіп жатқандай. Мен есім кетіп, теңіздің көгілдір


 

 

бояуы мен алтын арайға малынып отырмын. Жаным бір түрлі жеңілденіп орнымнан тұрдым да, солар менің айтқаныма түсінетіндей-ақ, осылардың бәріне шын пейілден: «Белгісіз бір себеппен менің үстіме кимелей кіріп келіп, жалғыздықтан жабыққан көңілімді аулаған бейнелер мен белгілер, әзір ғайып болмай тұрғанда сөзімді сендерге арнаймын – іңкәрімнің ақ көңіліме салған татын алыңдар. Алыңдар да жарығыңмен жуып-шайып, өшіріңдерші соны», – дедім.

Сөзімді айтып бітіріп, осынау ұйкылы-ояу отырып жасаған қылығымды кейін күліп қана еске аламын ғой деп ойлауым мұң екен, – алтын арай өрмегі де сөне берді, тек есік қасындағы төменгі бір мүйісте жарық тасқынына қарсы ашылған терезенің иіле түскен сәулесі біраз дірілдеп тұрды, әне ол да өшті. Таңертеңгі шадыман көңіл күйім де көмескі тартты, бірақ оның ізі әлі күнге дейін өшкен жоқ.

 

I V т а р а у

 

Кешқұрым Стерстің үйіне бардым. Со бір кеште оның үйінде біз: Андерсон, Филатр үшеуміз жиналғанбыз.

Стерстікіне бармастан бұрын мен теңізді жағалап кешегі кеме тоқтаған жерге дейін бардым. Енді қарасам, жағалаудың осы бөлігінде кеме жоқ екен, кеша Биче Сениэль есімді бейтаныс қыз отырған жерде бүгін жүк зембілдері тұр.

Сонымен, ол енді жоқ, өмірде болмағандай, жалт етті де, жоқ болды. Кешегі көріністі қайтадан көз алдыма елестеттім де ауадан кісі бейнелерін жасап, со топты рет- ретімен тұрғызып қойдым, олардың ара-арасынан кешегі су мен рейдтың оттары жылтырап көрініп тұрды. Тебірене ойланып барып, қызды со қалпында ап-анық көргендей болдым, көруін көрсем де, бұрынғы өкінішім қайта туындады, өйткені алған әсерім күшті болса керек-ті. Шамасы «жүрек сақинасы» сияқты бір дерт басталғандай

– бұндай сезім маған көптен таныс, бірақ оған бұрын ешқандай мән беріп көрмеген жүрек жанға жайлы ән әуенін айтқанмен бірдей сезіледі екен. Шынында да ол – бір


 

 

ұшы қиырсыз әдемі әуен еді. Айта берсем, сірә шырмауынан шыға алмайтын түрім бар.

Осылай ойланып келе жатып, кеше мейманханамен сөйлескенде сөзді кенет үзгенім үшін өзіме өзім ренжідім. Осы бір асығыстық – қолдан сусып шығып бара жатқан нәрсені басқа жағымды бірдеңемен айырбастай қоямын деген бір дәме – маған ұдайы кесірін тигізеді де жүреді. Бірақ қанша өкінсем де, мен енді бұрын білгім келмеген нәрсені қайтадан қалай біле қояйын. Мұның үстіне тамылжып атқан таң, серуен-сейіл, құр атқа мінгендей тыңайып қайраттанып қалғаным, көкейіндегің орындала қоймаса, бір сәті түсер деп жүре беретін үйреншікті әдетіміз – бәрі-бәрі қосылып келіп кешегі күннің кемістігін толтырған тәрізді. Мен ол- пұлға жұмсайтын қалған ақшамды, Лерхтан келетін ақшаны ойша есептесем төрт мыңдай болады екен. Со күні хат алғам, Лерх хатында әр түрлі шаруалармен барған сапарынан жуырда қайтып келгенін, сізге ақша шұғыл керек бола қоймас деген оймен мерзімінде нұсқау бермегенін, міне енді келе салысымен, өзім сұраған мың теңгені жіберіп отырғанын хабарлапты. Сөйтіп мен енді ақшадан қысылмайтын болдым. Жағалаудан Стерстің үйіне бардым, онда Филатр мен

Андерсон отыр екен.

Суландыру комитетінің хатшысы Стерс сары шашты ұзын бойлы жігіт-тін. Сұлу кескінді, бұйра сақалды, ширатылған қою мұртын оқта-текте бір жыбырлатып қоятын ер күлкісі, саңқылдаған ашық даусы – оның дөң қайратынан хабар бергендей еді.

Техникалық мектептің инспекторы Андерсонның кұстың көзі сияқты дөңгелек көзілдірігі мен қып-қызыл беті қобыраған қысқа шашына лайық-ақ, ол тәпелтек болса да сымбатты еді.

Салмақпен асықпай қозғалатын мығым денелі доктор Филатр әманда жұпыны да сәнді киінеді, ол мені көрісімен ойлана жымиып, қолымды қатты қысып тұрып:

– Түріңіз тәуір көрінеді, Гарвей, тәуір-ақ, – деді. Біз диванға барып отырдық. Үй қала шетінде, бау ішінде оңаша.


 

 

Стерс қатарынан үш рет ұтты, сосын менің қолыма күшті карта келді де, прикуп алмадым.

Асханада дастарқан әзірлеп, аяқ-табақты қойып жатып, Стерстің күтушісі кешкі ас жайында қожайынның қарындасымен күбірлесіп кеңесіп жатты.

Қолымдағы картаға қанша елігіп кетсем де, тамақсау басым, Дэлия Стерс асты сағат он бірге әкел дегенде кәдімгідей көңілденіп қалдым, бұл енді бір сағаттан кейін ас келеді деген сөз, Мен тағы қарап отырмай, шіркін, әлгі құйқалы етпен пісіретін пәрамашы бүгін де бола ма екен деп ойладым, мен о пәрамашты жақсы көруші ем және тап сондай дәмді асты осы үйден басқа жерден татып көрген емен. Дэлия пәрамаштың қалай тәтті боп пісетінін өзім де білмеймін дейтін.

– Кәне, қосымша карта аласыз ба? – деді Стерс карта үлестіріп жатып. – Ештеңе алмайсыз ба?! Жақсы. – Ол өзгелерге карта беріп, өз картасын қарады да – мен де алмаймын, – деді. Әуелі Андерсон, сосын Филатр қосымша карта алды да, ойнамай қалды.

– Шайқасыңдар кәне, Гарвей осы жолы қайтер екен, біз қарай тұралық, – деді доктор.

Ойынның шарты бойынша ставкамыз азғантай-ды, бірақ менің қолым жүрмей қойды, қайта-қайта ұтыла бергесін ептеп ызаланып та отырмын. Бірақ осы жолғы ставкаға қолым жаман емес: төрт ондық пен алтылық, кім білген, Стерстің қолында джокер бар шығар, ендеше сақтанбаса болмайды. Сонымен, біз әдеттегі саудаға көштік: мен асықпай байқап ойнасам, Стерс ойынды шалт та шолақ қайырды, бірақ екеуміз де бір-бірін орға сүйрейтін қос соқыр сияқты, бірімізді

біріміз алдап-арбамақ болып құныға ойнап отырмыз.

Андерсон бізге қарап мәз болып отыр, бәріміз де ойын қалай бітер екен деп ештеңені сезер емеспіз; Филатр картаны жинай бастады.

Дэлия келіп кірді, ол ағасы сияқты ақ сары шашты, солғын жүзі тотыққан, ештеңеге сенбейтін қияс қыз еді, кірді де, Стерс екеуміздің бір-бірімізден көз алмай, ештеңе білмесек


 

 

те, ұтар немесе ұтқызар ақшамызды көбейтпек болып қасарысып отырғанымызға қарап тұрып қалды.

Стерстің сыңайына қарап, қолындағы картасының күшті екенін сездім, бірақ менікінен күшті дейсің бе? Бәлкім, маған дөң айбат жасап отырған шығар? Мен туралы оның да тап осылай ойлап отырмағанына кім кепіл?

Дэлияны асханаға шақырды, ол кетіп бара жатып:

– Гарвей, байқаңыз ұтылып қалып жүрмеңіз, – деді. Мен ставканы көтердім. Стерс бұған келіссем бе екен, әлде үстемелесем бе екен деп ойланып, үндемей қалды. Мен қанша көңілді отырсам да, оны білдімеуге тырыстым.

– Мақұл, – деді бір кезде Стерс. – Кәні қолыңызда не бар?

Бұл картаны ашайық дегені еді. Оның даусы шыққан кезде, менің ой-санам карта ойынынан безіп, өзгеше бір тыныштыққа бой ұрып еді, тап сол сәтте тылсым бір әйел даусының «Толқын перісі» деген сөзді ап-анық айтқанын есіттім. Бұл жеті түнде қағылған қоңыраудай болды. Лүпілдей соққан жүрегімнен құлағымның аздап шулағаны болмаса, доктор Филатрдың картаны қырынан қойып, қолымен сытырлата ысқанынан басқа ешбір дыбыс естілмейді.

Осы жерде өтіп жатқан оқиғамен байланысы жоқ бұл ғажайыпқа қайран қалдым да, Андерсоннан:

– Сіз бірдеңе деген жоқсыз ба? – деп сұрадым

– О жоқ! – деді Андерсон. – Мен ойыншының ойын бұзбайтын кісімін.

Қарсы алдымда ештеңеге түсінбеген кісідей Стерс отыр, ол жұмған аузын ашпайды. Біз Стерс екеуміз ойын қызығына түсіп кеткенбіз, аузымызға цифрдан басқа ештеңе түспесе керек. Осының бәрі қас-қағымдай – бір сәтте көңілімнен зулап өткенше әлгі әйел даусынан алған әсерім тұп-тұнық боп тұра берді.

Ойынға зауқым соқпай, картамды селсоқ аша бердім. Стерстің бес шыбынынан ұтылғасын ойынды доғара қойдым. Сандырақ па, әлде елес пе, не екенін білмеймін, әйтеуір, сол дауыс мені ойыннан жерітіп жіберді. Андерсон менің түсімнің бұзылып кеткенін көріп:


 

 

– Сізге не болды? – деп сұрады.

– Бір қызық нәрсе болды, – дедім мен бұлардың пікірін білмек болып. – Әлгіде, ойнап отырған кезде мен картадан басқа ештеңені де ойлағам жоқ. Егер қолында карре отырса, өзге нәрсе ойлау мүмкін емес қой. Тап сол кезде сырттан ба, әлде іштен бе, әйтеуір «Толқын перісі» деген сөзді есіттім. Оны айтқан бір бейтаныс әйел даусы. Сол себепті де менің ойынға зауқым соқпай қойды.

– Естіп отырсыз ба, Филатр? – деді Стерс.

– Иә. Сіз сонда не есіттіңіз?

– «Толқын перісі», – дедім мен тағы да таң қалғанымды жасыра алмай. – Тап сіздің сөзіңіз сияқты ап-анық сөздер. Енді бәрінің назары маған ауды. Көп ұзамай, кешкі асқа отырғасын да, біз бұл жайтты әңгімелеумен болдық. Кешқұрым кісі шаршап, жүйкелеген кезде, мұндай нәрсені сөз қылғанның өзі бір ғанибет. Дэлия тек әдептен аспайын деген оймен ғана күлмей отырғанын білдіріп, әдетінше бір- екі ауыз әзіл айтты да, артынша үндемей қалды, сосын

қасын кіней керіп сөзге құлақ түре бастады.

– Сіздің сандырағыңыздың қосымша тағы бір серігі жоқ па екен, соны анықталық, – деді Стерс. – Ілгеріде мен зәуімен қалғып кетіп, әлдекімдердің күбір-күбір әңгімесін есіттім. Сөздері естілмейді, үй сыртында сөйлесіп тұрғанға ұқсайды. Бірін-бірі кінәлаған, ақтаған дауыс сыңайына қарап әңгіме төркінін аңғаруға болатын еді. Кейіген, ызаланған, шағынған дауыстар естіледі. Мен ұйықтайтын бөлмеге кірсем, кранды шала жауыпты да, содан су үсті-үстіне тамшылап тұр екен. Құбырдағы ауа ысылдап, гуілдеп, өксіп жатыр. Істің мән-жайын осылай анықтағаннан кейін көңілімнің күдігі де кетті. Ендеше өзімізге мынадай бір сауал қоялық: әлгіде айванның қасынан біреу өткен жоқ па екен?

Ойын кезінде Андерсон үйге сыртын беріп, бауға қарап отырған. Ол ешкімді де көрген жоқпын, ештеңені де естіген жоқпын деді. Филатр да соны айтты, менен басқа ешкім ешбір сөз естімегендіктен, бұ жәйт тек қана менің еншім болып қала берді. «Сен оған қалай қарайсың?» – деген


 

 

 


 

 

сауалға мен: әуелде біраз қобалжыдым да, енді соны ұғуға, білуге тырысып отырмын деп жауап бердім.

– Шынында да, – деді Филатр, – Гарвейдің естіген сөзін біз тек өзіміздің мінез-құлық, сағатымыздың ең бір тылсым жүрісімен ғана түсіндіре аламыз, әрине, ол сағаттың тілін де, тетігін де ешкім көре алмайды. Сіз әлгі дауысты есітер алдында қандай сөз айтылып еді?

– Не дейсіз? Иә, Стерс картаны ашу үшін менің қолымда не барын сұраған.

– Хош, – Филатр біраз ойланып қалды. – Кәне, мынаны тыңдап көрелікші: «Сіздің қолыңызда не бар?» Жауапты бір ғана Гарвей естіген, ол жауап біреу-ақ: «Толқын перісі».

– Бірақ сауал маған қойылды ғой, – дедім мен.

– Иә, солай. Жауапты сіздің өзіңіз беруіңіз керек еді. Бірақ сіз үшін жауапты екінші біреу берді, сіз оны бізге тек қайталай қана айттыңыз.

– Бұлай түсіндіруге болмайды, – деді Андерсон бәріміз жаппай күлген соң.

– Әрине, бұлай түсіндіруге болмайды. Мен өзіме қызық көрінген нәрсені жай салыстыра салдым. Әлбетте бұл уақиғаны Рибоның қосарлы санасымен де немесе ояу жүрген кісінің бір сәт ұйқысырайтыны сияқты, мидың кейбір бөлшегінің шалажансар қалуымен де түсіндіруге болады. Бишердің дәлелі осында. Бірақ салыстырмасқа шара жоқ. Ол өзінен-өзі тіленіп тұр, қайтарылған жауап қанша жұмбақ болып көрінсе де – егер оны жауап деп есептесек – Гарвейдің көкейтесті ойы тылсым сөздермен айтылған, ал, оның нақты мағынасы бізге беймәлім екені рас. Ойыншының есі-дерті, назары картада ғана болса да, санасының бір пұшпағы бос жатады. Ол көлеңке бүркеген құбылыстар ішіндегі көлеңкеде болады. Стерстің: «Сіздің қолыңызда не бар?» деген сөздері назар түгел аумай тұрған кезде, оның көлеңкеде жатқан бір түйсік тамырын қозғап кеткен. Тас тигенде әйнек қалай быт-шыт болып сынатын болса, әсер дегенің де солай қас қағымда туып, санада оқыс бір ұғым пайда болуы мүмкін. Әйнек сынығының сай-сай ұзындығын, санын, суретін күн ілгері санап қою немесе оны тас тигенге дейінгі қалпына келтіріп


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)