АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

X X Х І І т а р а у

 

Биче, Ботвель екеуімен бірге келе жатып өз-өзімнен қысыла бердім және өзімнің неден қысылатынымды ап-айқын сеземін де. Адамдарды, күллі жәй-жағдаятты жаза баспай танитын Бичеге беймәлім боп қала бердім ғой. Өзара шарпысып бір түйінге айналған айқын бағыт-бағдар мен өзімнің ішкі бағдарымды көңіл қалтарысында сақтап, құдды бір құпия есікті ашып, карнавалдан қайнаған өмір иіріміне шыға келгендей болдым.

Күймеде Бичемен қатар, Ботвельдің сыртын ала отырғам, көп-көп нышан-жәйттерге қарағанда, ол Биченің көңілдес серігі ғана сияқты. Мұндай жәйт талғам-түйсіктері ұқсас, өзара тату-тәтті, оның үстіне туыстық жағынан жақын қыз бен жігіт арасында ұшыраса береді. Біз шүйіркелесе бастаған едік, алайда әңгімені көп өрбітпей доғаруға тура келді, өйткені ұзап шықпай жатып-ақ ойын-сауық шартына – карнавалдың күні кеше өзім бастан кешкен құбылмалы шартына келіп тіреліп едік. Биченің үстіне шашылып-төгіліп жатқан түрлі- түсті қағаз-қарға, сол сияқты балкондардан баяу қалықтап, лентадай судырлап кеп қонатын ширатпа қағаздарға шомылған күйме әзер жылжып келеді. Көпшілік өрікпи билеп, өңеш кере дуылдасып, күлісіп, қаланы бастарына көтеріп жатты, төңірек өрт шеңберіндей алау атып, уытты сәуле төгеді. Кастрюль, леген, қағаз сырнайлардан қолма-қол


 

 

құрастырылған даңғаза оркестр көше-көшені аралап жүр. Көлікті күймелер керуені, сән-салтанатты шерулер әлі басталмаған; тұрғын халықтың ең көңілді буыны – алуан реңді балалар мен жасөспірімдер және балконда тұрып, ширатпа қағаздармен бізді қармағына ілмек болған тағы бір шат-шадыман топ.

Жағалауға жете бере Ботвель делбешіге «Толқын перісі» тұрған жерге апарып салуға бұйрық берді, алайда, онда барған соң біз баркас күзетшісінен кеменің рейдке шығып кеткенін естідік те, лажсыз қайық жалдадық. Біз қызылды-жасылды оттармен безендірілген және музыка әуені төгілген бірнеше кемелерді айналып өттік. Жағалаудағы жарықтан жырақтап, әуелі күңгірт ымырт, сосын қою түн қойнына сіңіп кеттік, қайықшылардың бірі қыбырсыз діңгек отын байқап қалып:

– Бұл соның тап өзі, – деді.

– Енді көңіліңіз көншіді ме? – дедім мен Бичеге қарай ұмсына түсіп.

– Әй, қайдам. – Биче төңірекке көз тігіп келеді. Әкем маған «Мақсат» және «Құпия» деп аталатын, күш-қуаттары тасыған екі палуан жігіт арабалық пен балғабалықты пайдалана отырып, теңіз түбінде жасап шығарған деп әкем айтқан анық сол «Толқын перісіне» қолым жете бастағанын сезбейтін де сияқтымын.

– Ол өткінші көңіл күйі ғой, – деді Ботвель. – Қазір келгесін бажайлап байқап көрген жөн. Палубаға шығып, бір тепсінсең болғаны, сонымен іс бітеді.

– Оны сырқат деуге де болғандай, – деді Биче, – сырқаты сау басының саудаға түскені... Өткені де жетісіп жатқан жоқ...

– Жолдан тайған ғой шамасы, – деп іле құптады Ботвель жұртты күлдіріп.

– Біреудің өлігі табылыпты дейді, – деді қайықшы бізге сыр тарта қарап. Ол, тегі осы істің жәй-күйін естіген сияқты.

– Бізде сыпсың-сыпсың сөз көп әйтеуір...

– Сіз қателесесіз, – деп қарсылық білдірді Биче, – дәл солай бола қоймаған шығар.


 

 

Қайық кеменің қабырғасына соғылды. Кеме іші ұйыған тыныштық.

– Әй, «Перідегілер», бармысыңдар, – деді Ботвель орнынан тұрып дауыстап. Кеме үстінен бейтаныс біреудің еңкейген сұлбасы шалынды. Бұл қысқа келіссөзден кейін алғыс ишаратын білдірген агент еді, ол матросты шақырып, трап түсірді.

Сол мезетте тағы бір адам жүгіріп келді, оның ізін ала үшінші біреу көрінді. Бұл Гораций мен аспаз еді. Мулат дабырлап, мені көңілдене қарсы алды. Аспаз барып фонарь әкелді. Фонардың дірілдеген әлсіз сәулесімен біз палубаға көтерілдік.

– Ақыры, жеттік-ау, – деді Биче кеменің бортынан өте бергенде кейін бұрылып, қуанышты сезімін ірке алмай. – Экипаж нендей күйде екен?

Гораций әбігерге түсіп, асығып-аптығып, істің мән-жайын өзінше түсіндірген болды, бірақ біз оның сөзінің соңын тыңдамай, бәріміз салонға келіп кірдік. Электр шамдары лып етіп тұтанды да, осыдан бірнеше күн бұрын менің көзім үйренген бұрыштар мен заттарды жарқыратып көрсетті. Салон ішінің асығыс жиналып, сыпырыла салғанын аңғардым; шамасы, бұлар опат әлегінен әлі де айықпаған сияқты.

Кеме үстінде жасырын сауда-саттықпен айналысатын жырындылардың ізін аңдып, жолын торуға бөлінген агент, Гораций аспаз және бір матрос бар-ды, қалғандарының бәрі тұтқындалған немесе Гездің жанқалтасынан табылған ақшадан есеп айырысып кетіп қалған көрінеді. Мен Биченің қас- қабағын барлап, көңіл-күйін білуге тырысқандықтан да мұның бәріне онша мән бере қоймадым.

Биче әлі отырған жоқ. Ботвель аспазбен, агентпен әңгімелесіп болғанша, Биче осында алғаш рет бас сұққан кісідейін әрбір затқа мұқият көз тастап, салон ішін аралап шықты. Келесі бір мезетте көзі шарасынан шығып, тына қалғанын байқадым да, о не екен десем, буфет үстінде жатқан бір әйел тарағының сынығына қарап тұр екен.

– Қәне, айта берсеңізші, – деді Биче өзінің елеусіз бір затқа қызыға қарап тұрғанын менің байқап қалғанымды сезіп.


 

 

– Сіз қай жерге жайғасып едіңіз? Каютаңыз қайда? Сатының сол жағындағы бірінші есік пе? Солай ма? Онда соны көрейікші.

Каютаның есігін ашқан бойда мен Бичеге сол әрекетке қатысқан кісілердің қай жерде, қалай тұрғанын, Гездің өз иттігін өтірік мойындағанына қалай алданып қалғанымды әңгімелеп бердім.

– Көз алдыма елестете бастадым, – деді Биче, – Осының бәрі тым өкінішті. Қайғылы нәрсе. Бірақ мен мұнда көп аялдамаспын. Жоғарыға көтерілейікші.

– Со бір көңіл күйі әлі сейілген жоқ па?

– Жоқ. Мен түрі сол кемеге келетін кездейсок бөгде біреудің үйінде жүргендеймін. Ішімде көпке дейін шемен болып байланатын, бірақ сырт көзге еленбейтін бір із, татымсыз бірдеңе қалған жоқ па? Шіркін дүние-ай, соның болмағаны қандай жақсы болар еді!

– Сіз жәбірленіп қалдыңыз ба қалай?

– Иә, тауып айттыңыз. Жәбірленгенім рас. Ал, ендеше жоғары шығалық.

Біз дәлізге шықтық. Ол мені қайда бастар екен деп іштей қобалжыған едім – қателеспеген екем, Биче траптың алдына келіп тоқтады.

– Міне, тап осы жерден түскен, – деді ол борттың төменгі жағын қолымен нұсқап. – Оның үстіне жалғыз өзі ғана. Мен ешуақытта, тіпті қалың ойға қанша шомып, сарыла толғансам да соның дәл солай болғанын көз алдыма елестетіп сезіне алмас едім. Жалғыз өзі!

– Жалғызы қалай? – дедім мен дүниенің бәрін ұмытып. Кенет жүрегім түршігіп кетті, Фрези Гранттың айтқан сөзін есіме түсірдім. Бірақ болар іс болған еді. Биче маған наразы көзбен сұстана қарап тұрды. Үнсіз бір сәт мені ұстап бергендей еді. Мен абыржудан арылып, оған жасқанбай тура қарап, қыз көңілінің құпия күдігін сейілте алмадым, ол да соны сезгендей еді.

– Гарвей, – деді ол өзімсінген нәзік үнмен, оның бейқам, көңілді даусын алғаш рет естідім. – Гарвей, маған бар шыныңызды айтыңызшы!


 

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)