АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Х І І т а р а у

 

Фотографтың шеберлігінің нәтижесі ме, әлде кез келген тіпті көмескі нашар суреттің өзінен бірден танылып, кел мұндалап тұратын кейбір өзгеше жандар болады, соның ерекшелігі ме, қайдам, әйтеуір мен со қызды бірден таныдым, өйткені о қыздың бейнесі айырықша жағдайда менің жадымда тасқа басқандай жатталып қалып еді. Бірақ мынау нашар


 

 

сурет емес-ті. Бейтаныс қыз оң қолына сүйеніп отыр, сол қолы тізесінің үстінде. Басын иығына қарай қылымси қисайтқанын ұстамды кейпі жұмсартқандай. Қыздың үстінде жағасына шілтер ұстаған қоңыр көйлек. Суретке түсер сәтте ол жымиып күлген екен, сол әсем күлкісінің ізі нұрлы жүзіне айнымай түсіп қалыпты.

Мен енді қайтсем де, қайда қарап тұрғанымды Синкрайтқа сездірмеуге тырыстым. Қызды танып білісімен, көзімді тайдырдым да, меридиандар мен параллельдердің арасынан әлгі портретті көріп, штурманның сөзін түсінуден қалдым. Портреттен көзімді бір сәт тайдырып, өз ойымды Синкрайттың ойымен жалғастыру маған кісі төзгісіз азаптай болып көрінді.

Мен бұл қызды бір-ақ рет, алыстан көріп, ләм деп тіл қатпасам да, оның орны бөлек екен. Гездің заттарының арасынан қыздың портретін көргенде, соның өзін көргендей болдым. Баяғы әсерім қайта тірілгендей, бірақ ол енді жанға жайсыз, қатал келді, ол енді көзге шыққан сүйелдей боп Гездің есімімен қауышып табысып жатыр еді. Тап сол мезетте Синкрайт мынадай бір сөзді айтты:

– Осы жерден ағыс басталады, жел тіпті әлсіз болса да...

– Оннан он екі мильге дейін жүруге болады, – деді Гез менің ту сыртымнан. Мен оның қалай кіргенін аңғармай қалдым.

– Синкрайт, – деді Гез сөзін сабақтап, – сіздің вахтаңыздың басталғанына төрт минут болды. Барыңыз, картаны өзім көрсетем.

Синкрайт сасқалақтап тұра жүгірді.

Гездің жел қаққан жүзінен өткен түнде қиналып шыққаны сезіледі. Ол сигар шегіп тұр. Сулығын шешпестен, фуражкасын желкесіне ысырып тастап, Гез бір қолымен картаға сүйеніп тұрып, сигарының түтінді ұшымен ондағы пунктирлердің, қызыл сызықтар мен белгілердің мән-мағынасын түсіндіре бастады. Менің бір түсінгенім, Гель-Гьюге енді бір бес-алты күннен кейін келеді екенбіз. Сосын ол тері плащын, фуражкасын шешіп, отырды да аяғын созып жіберді. Тосын бір жағымсыз сөз туып кетпесін деп мен портретке сыртымды


 

 

беріп отырдым. Биче Сениэльге деген ынтызар көңілім өрікпіп, әлі де суйи қоймағасын, мен Гез тәрізді алаяқ оны бірден байқап қалар деп қауіптендім, өзді-өзіңнен қуыстанып отырғанда кісінің бірдеңені жасырам деп асырып алатын әдеті ғой.

Гездің көзі менің жилетімнің түймесіне қадалып қалыпты. Ол басын жайымен көтере берді, ақырында екеуіміздің көзіміз түйісіп қалғанда, капитан бір жөткіріп, сигар түтінін сейілтпек болып қолын сермеп, көзін уқалай бастады.

– Қалай, Синхрайт сізге ұнады ма? – деді ол сигар күлін түсірмекші болып үстелге қолын созып жатып. Тап со сәтте басын бұрмай-ақ, ол үстел үстіне көзін бір жүгіртіп, портретке қарағанын байқап қалдым. Осы бір самарқау көзқарастан басқа ештеңені аңғармадым. Енді мен Гезге өзгеше көзбен қарай бастадым. Кенет менің басыма ана қызбен арасында құпия бір сыр бар-ау деген ой келді, ол сырдың мәнісін білуге қатты құмарттым да (бірақ оны сұрамай білгім келді), оның портретке қалай қарағанына әр түрлі мән беріп, өзгеше ойланып-толғана бастадым. Қанша айтқанмен, Филатрдың

«әрекет жігі ашыла бастады» деген сөзі әбден дұрыс екен, иә, бұл соның сөзі-тін. Мен сол портретті көрісімен, осы оқиғаның аяғы түбінде бір әрекет-қимылға апарып соғатынына көзім кәміл жеткен еді.

Сосын мен Гездің Синкрайт жайлы сұрағына жауап бердім.

– Жолдың алғашқы күні кездескен кісі болғасын, Синкрайт та өзге жұрт сияқты маған екі аяқты, жұмыр басты пенденің бірі болып көрінді, – дедім.

– Адамның сілімтігі, – деді Гез. Шытынап шаршап отырған еді, қабағы ашылайын деді, ол сигарының тұқылын сөндіріп, кенет маған қарап ақсия күліп, жәй-күйімді, кемедегі тірлігімді тәптіштеп сұрай бастады. Мен тиісті жауабын бердім, яғни мазмұны жағынан берекесіз, түрі жағынан орынды жауап қайтардым, сосын Гез таңертеңгі асына кететін шығар деп орнымнан тұрдым. Бірақ менің бұл сөзіме Гез басын шайқады, ол кеудесін көтеріп тізесін алақанымен бір шапаттады да, үстелдің төменгі жәшігінен скрипканы суырып алды.


 

 

Мұны көргесін мен еріксіз қайта отырдым. Тап бір нота қағазы сияқты менің бет-аузыма ойлана қарап тұрды да, капитан Гез скрипканың шегін бір қағып, құлағын бұрап, шалғысын жөндеді де:

– Егер тым пышырап бара жатса, дереу айта қойыңыз, – деді.

Мен үнсіз күтіп отырмын. Бет-аузы сап-сары боп, көзі күлтілдеп пісіп кеткен сақалды кісінің иегінің астына скрипка шанағын тығып, аспапты ыңғайлау үшін басын изеп-изеп қалғанын көргенде мырс етіп күліп жібердім, Гез оны байқап қалып, табанда өзі де миығынан ұяла күліп қойды. Оның добалдай қолына қарап, осы қайбір жетістіріп ойнай қояды деп ойлағам, бірақ бірінші такттың өзінен оның тәп-тәуір өнер иесі екенін сездім. Бұл Шопеннің этюді еді. Ойнай бастағаннан Гез менің артымдағы бұрышқа тесіле қарап орнынан тұрды, сосын оның көзі қыдырып барып, портретке қадалды. Бір кезде ол көзін маған аударып, этюдті аяқтай бергенде мөлиіп төмен қарады.

Спенсер скрипка концертін қабырғаларын жұқа қарағай тақтаймен көмкерген (негізгі қабырғамен арасында жарты фунт қуыс қалуы керек) үй ішінде өткізуге кеңес берген, сонда оның ойынша скрипканың әлсіз даусы жаңғырып күшейіп кетеді. Бірақ бұл рецепт көрінген композицияға жарай бермейді, күллі құдіреті мазмұнында болатын туындылар да аз емес. Кейде құлаққа сыбырлаған сөз күннің күркірегеніндей әсер етсе, күннің күркірегеніне жұрттың жадырап күлетін кездері де болады. Осы бір шамырқанған этюд пен Гездің скрипканы құшырлана тартқаны тұтас бір оркестрдің ойынындай әсер етті. Кеме шайқалғанда Гез екі рет теңселіп кетіп, дереу үзілген ойынын жалғай қойды. Мен одан тәкаппар құдіретті әуенге қоса шағыну-жалыну сарынын, атойлаған ұранды естігендей болдым, сосын скрипка күбірлеп, күлімсіреп, өткен күндер сазын сызылтып барып үзді. Гез аспабын түсіріп, тұнжырай отырып оның құлақ күйін келтірді, сосын менен сұраулы көзін алмай, жайымен отыра берді.

Мен оның ойынын біраз мақтадым. Бұған ол іштей риза болса да, сыр білдірген жоқ. Гез аспапты қайтадан қолына


 

 

алып, оны қиқылдатып-шиқылдатып, өңкей бір есер дыбыстарды тоғытып, тыңдар құлақты кескендей болды және соған өзі әдейі әуейіленіп беріліп бара жатқасын, мен енді кеткенді жөн көрдім. Ол мені қуалағандай көрінді.

Менің біржола түрегелгенімді көргесін Гез шалғыны түсіріп,

«қайырлы күн болсын» деген тілек білдірді, үнінде кекесін табы болса да, құлағыма ілгем жоқ. Болған жайтты ақылға салу үшін жалғыз қалғым келді.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)