АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Х т а р а у

 

Гез менімен салқын амандасты, жүзіме тура қараудан жалтара бергесін көңілсіз отыр ма деп қалдым.

Бұл үшеудің ішіндегі ең сүйкімдісі Бутлер бір жөткірініп, болашақ сапар жайын қозғап, бәрімізге ортақ әңгіме бастамақшы болып еді, бірақ Гез азық-түлік жайлы, порт зекеті жайлы ескертпелер жасап, оны тыйып тастады. Менің жолсапар жайындағы сұрақтарыма Гез: «иә», «жоқ»,

«көрерміз» деп келте жауап берді. Кешкі ас үстінде ол маған қарап ләм деп тіл қатпады.

Оның алдында араққа толы үлкен графин тұрған, Гез бір қалыптан танбай аспай-саспай отырып, әлгі графинді түгел тауысты. Оның көмекшілерімен сөйлескен әңгімесіне қарап, мен қас пен көздің арасында жалдап алған жаңа командасының жартысы ғана матрос деуге тұрарлық кісілер, қалғанынан бір сәт те көз жазуға болмайтын порттың қағылған- соғылғандары екенін білдім. Олар тағы да маған бейтаныс кісілер жайлы, солармен қарым-қатынасы жайлы сөйлесіп отырды. Бутлер мен Синкрайт, Гез сияқты құныға ішпесе де, біраз жерге барды. Мені ешкім де еркімнен тыс шарап іш деп зорламады. Мен аз ғана іштім де қойдым. Бізге қызмет көрсетіп жүргенде Гораций өзгелерге қарағанда менің ыдыс-аяқтарыма мұқият қарап, ықылас білдірді, шамасы, қонаққа қалай қызмет етудің үлгісін көрсеткісі келген болуға керек. Гез соны тез байқап қалды да, дәйекшіні ала көзімен бір атты, бірақ ештеңе айтпады.


 

 

Осы бір қырын қабақ, қолапайсыз дастарқан кезінде айтылған әңгімеден Синкрайттың мынадай бір сөздері ғана жадымда қалыпты:

– Луиза Мариді шақырып хат жазыпты, ал, ана әйел Юлиядан жұбын жазғысы келмейтін тәрізді, сол себепті оларға екі каюта беру керек болар.

Олар өзгеше бір мәні бар өз сөздеріне өздері мәз болып, жатты да күлді.

– Бізге әйелдер келеді, – деді Гез үстелден тұрып жатқанда мені көзімен бағып. – Сізді мазалап жүрмейміз бе?

– Маған бәрібір, – дедім мен.

– Онда жақсы болды, – деді Гез.

Жоғарыдан бір айқай естілді, бірақ ол төбелестен туған айқай емес-ті, кемелерде қадам басқан сайын кездесетін іс- жұмыс ағымынан туған айқай-ды. Бутлер оның себебін білмек болып кетіп қалды, ұзамай оның соңынан Синкрайт та шығып кетті. Капитан түрегеліп темекі тартып тұрған, көмекшілерінің кеткенін пайдаланып мен оған ақша бердім. Ол ақшаны маңғазданып әзер алды, табанда мұқият санап шықты да, иіліп тәжім етті. Дереу көзі жылтылдап көңілденіп сала берді.

– Бір партия шахмат ойнасақ? – деді ол сыпайы. – Әрине, көңіліңіз қаласа дегенім ғой.

Мен оны құп алдым. Біз шахмат үстелшесін қойып отырыстық. Фигуралар таза піл сүйегінен ерекше көркемделіп жасалған еді. Мен жүк кемесінен әсем бұйымдарды көп кездестіргенімді айтып, бұған таң қалғанымды да жасырмадым. Гез ақиқат мас, бірақ мас боп жүру оның қанына сіңіп кеткен ғой – тек сөзін үзіп-үзіп шалт сөйлегені болмаса, мастығы тіпті де байқалмайды, бірақ даусына қарағанда асқазаны ауырып отырған тәрізді

– Иә, – деді Гез, – қыруар ақша шашылған ғой әрине. Өзіңіз байқаған да боларсыз, «Толқын перісі» айырықша бригантина. Ол бір кісінің талап-талғамына лайық жасалған... кейін ол кісі кедейленіп қалды. Сонымен, – Гез королеваны


 

 

айналдырып біраз отырды, – әйелмен бірге айқай-шу, шаң- шұң, әрине, абыр-сабыр мазасыздық қоса келеді. Әйелдермен саяхат жасауға қалай қарайсыз?

– Мен ондай мәселені ойластырған жоқ едім, – дедім мен фигурамен жүріп.

– Сізге ол майдай жағады, – деді тиісті тасты самарқау қозғап, мен со замат партияны ақырына дейін түгел көрдім.

– Бұлай дейтінім сіз – мұны сізді өкпелету үшін айтып отырғаным жоқ – кемеге керемет шеберлікпен келіп кірдіңіз. Мен кісінің жігер-рухын бірден сезем.

– Сіз әйелдерді мен үшін шақырмаған боларсыз деп сенем. Ол менің ферзім мен атты қозғау арқылы берген есебімді шығармақ болып үндемей қалды. Кенет ол фигураларды араластырып жіберіп, ұтылғанын мойындады. Ойын тап осылай тағы да екі рет қайталанды, ақырында мен оны емексітіп алдандырып келіп, жеті жүріспен матқа отырғыздым. Гез ашуға булығып қызарып кетті. Шахмат фигураларын үстелдің жәшігіне салып жатқанда оның қолы

дірілдеп тұрды.

– Сіз күшті ойыншы екенсіз, – деді Гез. – Сізбен ойнаған ойыннан кереметтей ләззат алдым. Енді іс жайына көшелік. Біз ертең ертеңгілік Дагонға қарай жолға шығамыз, одан жүк тиеп алғасын Гель-Гьюге беттейміз. Сіз Гель-Гьюде болмап па едіңіз? Ол Зурбаганға баратын жолда, бірақ біз Зурбаганға енді бір жиырма-жиырма бес күннен кейін жетеміз. Әңгіме бітті де, мен өз каютама кеттім, жолай келе жатып,

капитан кісіні бір түрлі қажытады екен деп ойладым.

Кештің қалған уақытын кітапқа бағыштадым, бірақ әлсін- әлі бөгде бір ойға шомып кетіп, не оқығанымды ұмытып қала бердім. Мен өте кеш жаттым. Кемедегі алғашқы түн ойдағыдай өтті. Бір жамбастан екінші жамбасыма аунап жату үшін немесе жастықты жөндеу үшін анда-санда бір оянып кеткенде мен мекен-жайымның баяу тербеліп тұрғанын сезіп, әлі бейтаныс, бөгде жаңа жәйттерді ойлап, қайта ұйықтап кете бердім.


 

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)